Бейсенбі, 19 Қараша , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Жаңалықтар

ҚАЗАҚМЫСТЫҢ ҚОЛДАУЫМЕН ЖЕЗҚАЗҒАНДА ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ МЕШІТІ АШЫЛДЫ

Жезқазған шаһарының төрінде имандылық пен ізгіліктің жаңа ордасы бой көтерді. Елдің рухани қазынасын байытып, жамағаттың басын қосар еңселі мешіт «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-нің толық қаржыландыруымен салынып, халық игілігіне берілді. Мыңдаған жанға сая болатын бұл сәулетті нысан – компанияның өңірдің рухани өміріне қосқан елеулі тартуы.

18.11.2026
- Жаңалықтар
0
ҚАЗАҚМЫСТЫҢ ҚОЛДАУЫМЕН ЖЕЗҚАЗҒАНДА ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ МЕШІТІ АШЫЛДЫ
70
БӨЛІСТІ
194
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

13 қарашада Ұлытау облысының Орталық мешітінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Игі шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Бақылау кеңесінің төрағасы Нұрмұхамбет Әбдібеков, корпорацияның Басқарма төрағасы Руслан Өскенәлі, өңірдің қадірлі азаматтары, ақсақалдар мен құрылысқа атсалысқан мердігер ұйым өкілдері қатысты. Жаңа мешіттің құрылысы 2025 жылы басталып, сол жылдың шілде айында Бас мүфтидің қатысуымен алғашқы іргетасы қаланған болатын. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының тапсырысы негізінде қолға алынған жобаның бас мердігері болып «Integra Construction» ЖШС бекітілді. Діни басқарма төралқасының шешімімен мешітке «Ұлытау облысының орталық мешіті» атауы берілді.

Қаланың орталық бөлігінде орналасқан қос қабатты ғимараттың жалпы аумағы шамамен 3800 шаршы метрді құрайды. Бір мезетте 3000 адамға дейін қабылдай алатын мешіттің сәулет келбеті де айрықша. Бұған қоса, ғимарат айналасындағы 4855 шаршы метр аумақты көгалдандыру қарастырылған. Осылайша, Жезқазғанның көркіне көрік қосқан жаңа нысан құлшылық жасауға ғана емес, діни-ағартушылық шаралар өткізуге, жамағаттың рухани байланысын нығайтуға қызмет етпек.

Салтанатты рәсімде сөз алған Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бұл күннің өңір тарихындағы айрықша орнын атап өтті. «Бүгін – Ұлытау облысының рухани өмірінде айрықша әрі тарихи күн. Ел тарихының алтын бесігі саналатын қасиетті Ұлытау жерінде жаңа мешіттің бой көтеруі – имандылыққа, ізгілікке және рухани құндылыққа деген құрметтің жарқын көрінісі», – деді Бас мүфти.

Ал мешіттің құрылысына толық қаржылай қолдау көрсеткен «Қазақмыс» корпорациясы бұл бастаманы өңірдің рухани дамуына бағытталған маңызды әлеуметтік жоба ретінде жүзеге асырды. Компанияның Бақылау кеңесінің төрағасы Нұрмұхамбет Әбдібеков салтанатты жиында жаңа мешіттің ел өміріндегі маңызына тоқталды. «Біз халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрін, ұрпақ сабақтастығын, ізгілік пен адамгершілік құндылығын дәріптейтін жаңа рухани орталықтың есігін айқара ашып отырмыз», – деді ол.

Жалпы, халық игілігіне бағытталған мұндай бастамалар корпорацияның өңір алдындағы әлеуметтік жауапкершілігінің бір парасы ғана. Ұлытау облысының әкімдігімен жасалған ынтымақтастық туралы меморандум аясында компания аймақтың әлеуметтік және инфрақұрылымдық әлеуетін арттыруға бағытталған бірқатар жобаны жүзеге асыруға атсалысуда.Атап айтқанда, Жезқазғандағы Кеңгір су қоймасының жағалауын қайта жаңарту жұмыстары аяқталуға жақын. «Жастар» саябағын абаттандыру, Серке Қожамқұлов атындағы театрды жөндеу және «Намыс» балалар мен жасөспірімдер спорт академиясының спорт алаңын жаңарту жұмыстары да жалғасуда.Білім саласындағы іргелі жобалардың бірі – Ұлытау университетінің құрылысы аяқталуға таяп, студенттер жатақханасын салу жұмыстары қорытынды кезеңіне жеткен. Ал Сәтбаев қаласында Кенші даңқы алаңы мен травматология бөлімшесі бар қалалық аурухананы қайта жаңарту жобалары жүзеге асырылуда.

«Біз үшін Ұлытау облысының дамуы айрықша маңызды. Өндірісті жаңғырту барысында компаниямыздың басты қағидатын – халық игілігі үшін қызмет етуді басшылыққа аламыз», – деп атап өтті «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Руслан Өскенәлі. 

Корпорацияның алдағы жоспарлары да ауқымды. 2027 жылы өңірде көпфункционалды Конгресс-орталық, футбол стадионы және заманауи теннис орталығын салу көзделіп отыр. Бұл нысандар қала тіршілігіне жаңа серпін беріп, тұрғындардың мәдени тынығуына, білім мен спортқа ден қоюына кең мүмкіндік ашпақ. Бір сөзбен айтқанда, «Қазақмыстың» қаржылай қолдауымен бой көтерген жаңа Орталық мешіт – Ұлытау жұртына жасалған үлкен тарту, ел руханиятына қосылған сүбелі үлес.

 

ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ

 

Бөлісу28Твитерге18

Көп қаралған

  • ТЕМІРДІ ТӨЗІММЕН ТҮЛЕТКЕН

    ТЕМІРДІ ТӨЗІММЕН ТҮЛЕТКЕН

    131 бөлісті
    Бөлісу 52 Твитерге 33
  • ЖОЛДАУ-ДАМУҒА БАҒЫТ

    93 бөлісті
    Бөлісу 37 Твитерге 23
  • ҚАЗАҚМЫС ӨНДІРІСКЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ПЕН ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЕНГІЗУДЕ

    81 бөлісті
    Бөлісу 32 Твитерге 20
  • ЖЕЗҚАЗҒАН – АРҚАЛЫҚ ЖОЛЫ ТОЛЫҒЫМЕН ЖАҢАРДЫ

    76 бөлісті
    Бөлісу 30 Твитерге 19
  • «ҚАЗАҚМЫС» ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАЛАРЫМЕН ҮЗДІК АТАНДЫ

    74 бөлісті
    Бөлісу 30 Твитерге 19
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру