Бейсенбі, 19 Қараша , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Жаңалықтар

ЖОЛДАУ-ДАМУҒА БАҒЫТ

18.11.2026
- Жаңалықтар
0
ЖОЛДАУ-ДАМУҒА БАҒЫТ
93
БӨЛІСТІ
257
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауында айқындалған басым бағыттарды халыққа кеңінен түсіндіру мақсатында Ұлытау облысына арнайы жұмыс тобы келді. Құрамында ҚР Құрылтайының депутаты Дархан Ахмедиев, Қазақстан Халық кеңесінің мүшесі Аманжол Әлтай және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Эльдар Күзенбаев бар делегация өңір жұртшылығымен бірқатар кездесу өткізді.Алғашқы басқосу облыстық кітапхана ғимаратында ұйымдастырылды. Оған кәсіподақ өкілдері мен әлеуметтік сала қызметкерлері қатысып, ел дамуының жаңа кезеңіндегі маңызды міндеттерді талқылады. Кездесуде Жолдауда көтерілген әлеуметтік-экономикалық бастамалар, халықтың тұрмыс сапасын арттыру, өңірлердің әлеуетін нығайту мәселелері кеңінен сөз болды. Сонымен қатар алдағы құрылыс жылы аясында Ұлытау облысында қолға алынатын жобалар мен бой көтеретін әлеуметтік нысандардың жайы да назардан тыс қалмады.    Қазақстан Халық кеңесінің мүшесі Аманжол Әлтай елдік мәселелерді шешуде қоғамдық келісім мен ортақ жауапкершіліктің маңыздылығына тоқталып, Жолдаудағы бастамалардың мән-маңызын тарқатты. Жиында өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымын жетілдіру, тұрғындарға көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту және мемлекеттік бағдарламалардың нәтижелі жүзеге асырылуы жөнінде де пікір алмасты. Қатысушылар жергілікті жерде атқарылатын жұмыстың елдік міндеттерді орындаудағы айрықша рөлін атап өтті. Жұмыс сапары Жезқазған қаласындағы Тау-кен металлургия колледжінде жалғасты. Білім ордасында өткен кездесуге жастар мен білім саласының өкілдері қатысып, ел болашағына қатысты өзекті мәселелерді ортаға салды. Әңгіме өзегіне білім беру жүйесін жетілдіру, жас ұрпаққа сапалы білім мен кәсіби бағдар беру, жастардың әлеуетін іске асыруға жағдай жасау және педагогтердің әлеуметтік мәртебесін көтеру мәселелері арқау болды.ҚР Құрылтайының депутаты Дархан Ахмедиев Жолдауда белгіленген міндеттердің қоғам өміріндегі маңызына тоқталып, жастардың ел дамуына белсенді араласуы қажеттігін жеткізді. Оның айтуынша, білімді, бәсекеге қабілетті ұрпақ қалыптастыру – мемлекеттің стратегиялық басымдықтарының бірі. Бұдан бөлек, кездесуде еңбек қатынастары мен халықтың әлеуметтік қорғалуына қатысты мәселелер де талқыланды. Атап айтқанда, ең төменгі жалақы мөлшері, азаматтардың табысын арттыру және әлеуметтік қолдау тетіктері жөнінде сөз қозғалды. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Эльдар Күзенбаев осы бағыттағы мемлекеттік саясаттың негізгі ұстанымдарына түсініктеме берді.Өңірге келген делегацияның жұмыс сапары мұнымен аяқталған жоқ. Қонақтар медицина қызметкерлерімен және этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен де жүздесіп, Жолдаудағы бастамалардың түрлі саладағы жүзеге асырылу барысын талқылады. Мұндай кездесулер ел көлемінде белгіленген міндеттерді жергілікті жұртшылыққа жеткізіп қана қоймай, тұрғындардың ұсыныс-пікірін тыңдауға да мүмкіндік береді.

Гүлім МАРАТҚЫЗЫ

 

 

 

Бөлісу37Твитерге23

Көп қаралған

  • ТЕМІРДІ ТӨЗІММЕН ТҮЛЕТКЕН

    ТЕМІРДІ ТӨЗІММЕН ТҮЛЕТКЕН

    131 бөлісті
    Бөлісу 52 Твитерге 33
  • ЖОЛДАУ-ДАМУҒА БАҒЫТ

    93 бөлісті
    Бөлісу 37 Твитерге 23
  • ҚАЗАҚМЫС ӨНДІРІСКЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ПЕН ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЕНГІЗУДЕ

    81 бөлісті
    Бөлісу 32 Твитерге 20
  • ЖЕЗҚАЗҒАН – АРҚАЛЫҚ ЖОЛЫ ТОЛЫҒЫМЕН ЖАҢАРДЫ

    76 бөлісті
    Бөлісу 30 Твитерге 19
  • «ҚАЗАҚМЫС» ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАЛАРЫМЕН ҮЗДІК АТАНДЫ

    74 бөлісті
    Бөлісу 30 Твитерге 19
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру