Бейсенбі, 19 Қараша , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Жаңалықтар

ЖЕЗҚАЗҒАН – АРҚАЛЫҚ ЖОЛЫ ТОЛЫҒЫМЕН ЖАҢАРДЫ

18.11.2026
- Жаңалықтар
0
ЖЕЗҚАЗҒАН – АРҚАЛЫҚ ЖОЛЫ ТОЛЫҒЫМЕН ЖАҢАРДЫ
76
БӨЛІСТІ
212
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Ұлытау өңіріндегі республикалық маңызы бар күре жолдың кезекті бөлігі жаңартылып, ел игілігіне берілді. Атап айтқанда, «Жезқазған – Арқалық» автомобиль жолының 143–252 шақырым аралығындағы жөндеу жұмыстары толық аяқталды. Бұл – ұзақ жылдар бойы жол азабын тартқан ауыл тұрғындары үшін көптен күткен қуанышты жаңалық.     Жалпы ұзындығы 238 шақырымды құрайтын Жезқазған қаласынан Қостанай облысының шекарасына дейінгі жолды жаңғырту аясында 17 су өткізу құбыры орнатылып, Балға көпіріне қосымша жөндеу жұмыстары жүргізілді. Көлік қатынасын жеңілдетіп, жол қауіпсіздігін арттыруды көздейтін ауқымды жобаның аяқталуына орай салтанатты ашылу рәсімі өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Алмаз Ыдырысов, «ҚазАвтоЖол» компаниясының өкілдері, Ұлытау ауданының әкімі және жол бойындағы елді мекендердің тұрғындары қатысты.

Облыс әкімінің орынбасары Алмаз Ыдырысов атқарылған жұмыстың өңір үшін маңызына тоқталып, жаңарған жолдың ел игілігіне қызмет ететініне сенім білдірді. Расында, жолдың жайын жүрген біледі. Талай жылдан бері жөндеу көрмей, жолаушыларды әбігерге салған күре жолдың жаңаруы – осы бағыттағы ауылдардың тұрғындары үшін зор қуаныш. Әсіресе, қатынас қиындығын күнделікті сезінген жұртшылық үшін бұл игіліктің орны бөлек. Терісаққан ауылының тұрғыны Жаңаберген Боранбеков те көптен күткен жобаның жүзеге асқанын ел үшін елеулі оқиғаға балап, ақжолтай жаңалыққа ризашылығын білдірді.

Айта кетейік, «Жезқазған – Арқалық» автомобиль жолының жаңаруы екі облыстың арасындағы қатынасты жақсартып қана қоймай, алдағы уақытта оңтүстік пен солтүстікті жалғайтын маңызды көлік дәлізінің қалыптасуына да негіз болмақ. Бұл өз кезегінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беріп, жүк тасымалы мен жолаушылар қатынасының жандануына жол ашады.

ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ

Бөлісу30Твитерге19

Көп қаралған

  • ТЕМІРДІ ТӨЗІММЕН ТҮЛЕТКЕН

    ТЕМІРДІ ТӨЗІММЕН ТҮЛЕТКЕН

    131 бөлісті
    Бөлісу 52 Твитерге 33
  • ЖОЛДАУ-ДАМУҒА БАҒЫТ

    93 бөлісті
    Бөлісу 37 Твитерге 23
  • ҚАЗАҚМЫС ӨНДІРІСКЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ПЕН ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЕНГІЗУДЕ

    81 бөлісті
    Бөлісу 32 Твитерге 20
  • ЖЕЗҚАЗҒАН – АРҚАЛЫҚ ЖОЛЫ ТОЛЫҒЫМЕН ЖАҢАРДЫ

    76 бөлісті
    Бөлісу 30 Твитерге 19
  • «ҚАЗАҚМЫС» ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАЛАРЫМЕН ҮЗДІК АТАНДЫ

    74 бөлісті
    Бөлісу 30 Твитерге 19
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру