«Жыланды» кенішіндегі «КәсіпҚорған» кәсіподағы комитеті жұмысшылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында футболдан турнир өткізді. Кеніш телімдерінің арасында ұйымдастырылған сайысқа 8 команда қатысты.
Топтық кездесулер нәтижесінде «Итауыз», «Жабын бетон» , «Кен алу» телімдері мен «Кеніш басқармасы» командалары финалдық ойындарға өтті. Сайыс қорытындысы бойынша үшінші орынды «Жабын бетон» командасы алса, екінші орын «Кен алу» теліміне бұйырды. Ойында үздік шыққан «Итауыз» командасы жүлделі І орын мен турнир кубогін қанжығасына байлады.
Турнирдің «Үздік шабуылдаушысы» номинациясы Медет Ералиевке, «Үздік қорғаушы» атағы Бекзал Мәженовке бұйырды. «Үздік қақпашы» номинациясына Кенжебек Үсенов лайық деп танылды. Жеңімпаздар қаржылай сыйақымен және медальдармен марапатталды. «Жыланды»кенішініңеңбеккерлері өндіріспен қатар, спортта да епті екендіктерін көрсетті.
Бағдат АЙТӨРЕҰЛЫ.