Дүйсенбі, 8 Маусым , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет «Қазақмыс» «Қазақмыс»: қолдау

Ғалымдар тың жобаларын ұсынды

12.07.2024
- «Қазақмыс»: қолдау
0
Ғалымдар тың жобаларын ұсынды
102
БӨЛІСТІ
284
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Жезқазғанда ғылыми-техникалық Хакатон өтті. Қазақстанның жетекші техникалық университеттері мен ғылыми ұйымдарының ғалымдары металлургия, химия, цифрландыру салаларына және экологиялық мәселелерді шешуге арналған соңғы әзірлемелерін ұсынды.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек онлайн-режимде қатысып, «Ғылыми-инновациялық-хакатон – ғылымды коммерцияландыру форматы» тақырыбында сөз сөйледі. Министр ғылыми-технологиялық хакатонның ғылыми-техникалық қызметті дамытудың басым бағыттарын қалыптастырудың, нақты экономиканың сұраныстары мен қажеттіліктерін шешудің, ғылым мен бизнестің кооперациясын жақсартудың, сондай-ақ, экспортқа бағдарланған жаңа өнім өндіру үшін коммерцияландыру жобаларын ілгерілету мақсатында ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің жоғары ғылыми-техникалық комиссияда берген тапсырмасының шеңберінде ұйымдастырылғанын атап өтті.

«ҚР ҒЖБМ конкурстарының нәтижесінде гранттық қаржыландыру бойынша 1 971 жоба және ғылыми зерттеулер жүргізу үшін бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша 161 ғылыми-техникалық бағдарлама іске асырылды. Бүгінгі таңда негізгі міндет ғылыми қызмет нәтижелерін, бизнесті белсенді тарта отырып, оларды ендіру мен коммерцияландыруға жеткізу болып отыр», – деді министр.

Ол, сондай-ақ, 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми-технологиялық инфрақұрылымды қалыптастыру үшін ЖОО-лардың жанынан инжинирингтік орталықтар мен технопарктер құруға қаражат бөлінгенін атап өтті. 2029 жылға қарай 7 мамандандырылған инжинирингтік орталық пен ғылыми-технологиялық парк ашу жоспарлануда.

Ұсынылған әзірлемелердің ішінде Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ, Қазақстан – Британ техникалық университеті және металлургия және байыту институтының ғалымдарынан КМ1 маркалы кондициялық мыс концентратын алу әдістері бойынша зерттеулер ұсынылды.

А. Сағынов атындағы КарТУ, Satbayev University және Д. В. Сокольский атындағы Отын, катализ және электрохимия институты өкілдері кендерді өңдеу бойынша ғылыми ұсыныстарды көрсетті.

М. Әуезов атындағы ОҚУ, Satbayev University және А. Б. Бектұров атындағы Химия ғылымдары институты металлургиялық қожды қайта өңдеуге арналған шешімдерді ұсынды.

Тағы бір қызықты жоба Astana IT University және «Қазақстан – Британ техникалық университеті» АҚ ұсынған атмосферадағы ластаушы заттардың шоғырлануын мониторингтеу және болжау алгоритмдері бойынша әзірлемелер болды.

Хакатонның негізгі мақсаты – ғылыми қауымдастық, ғылыми-зерттеу институттары және өндірістік бизнес кәсіпорындары арасында ортақ байланыс орнату. Іс-шара барысында бірқатар проблемалар көтерілді: шахта суын тазарту, қалдық қоймаларын қалпына келтіру, металдарды алуды арттыруға қатысты цифрлық жобалар және т.б. Сондай-ақ, компания қызметкерлерінің қауіпсіздігі мен денсаулығына көп көңіл бөлінді. Хакатон қорытындысы бойынша болашақта «Қазақмыс» кәсіпорындарындағы жұмыс деңгейі мен сапасын арттыруға көмектесетін түрлі перспективалық жобалар қарастырылды.

Хакатонды Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі мен «Қазақмыс» ұйымдастырды.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

Бөлісу41Твитерге26

Көп қаралған

  • Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

    Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

    1638 бөлісті
    Бөлісу 655 Твитерге 410
  • «Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

    1538 бөлісті
    Бөлісу 615 Твитерге 385
  • Бағаналының Сағындық батыры

    895 бөлісті
    Бөлісу 358 Твитерге 224
  • Мақал-мәтелдің маңызы

    864 бөлісті
    Бөлісу 346 Твитерге 216
  • Кеңгірбай бидің батасы

    629 бөлісті
    Бөлісу 252 Твитерге 157
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру