Кеңгір селолық округіне қарасты Түйемойнақ ауылында ірі қарадан лептоспироз ауруы анықталды. Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті мамандары жүргізген зертханалық сынақ нәтижесі бойынша елдімекенде шектеу шаралары енгізілді.
Қазір Түйемойнақта өлген ірі қараның саны 8 басқа жеткен. Адамға жұғуы да мүмкін. Жалпы, елдімекенде 731 бас ірі қара мал бар. Шектеу кезінде ауру ошағындағы барлық мал басын лептоспирозға қарсы вакцианалайды.
– Шектеу барысында вакцинация жасалады. Мемлекет тарапынан вакцина бөлінеді. Сосын республикалық эпизод отярдының мамандары келіп дизенфекиця жұмыстарын жүргізеді. Сыртқа мал шығаруға және әкелуге тыйым салынды, – деді ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Жезқазған қалалық аумақтық инспекциясының басшысы Әсел Ахметова бізбен тілдескенде.
Гүлім МАРАТҚЫЗЫ.