Қарағандыда «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС байыту өндірісінің шеберлеріне арналған «Шеберлер мектебі» корпоративтік даму бағдарламасы басталды. Бағдарламаға Қарағанды, Жезқазған және Балқаш өңірлерінде орналасқан зауыттарда жұмыс жасайтын 60 адам жұмылдырылды.
Шебердің көшбасшы ретіндегі рөлі – белгіленген жоспарды уақытылы орындауынан бастап ұжымның үйлесімді жұмысын ұйымдастыруы, өндірістік және басқару үдерістеріндегі барлық кезеңдерінде маңызды. Осы қажеттіліктерді ескере отырып, «Шеберлер мектебі» бағдарламасы қалыптасқан болатын. Сонымен қатар, ол жұмысшы мен шебер арасындағы дұрыс қарым-қатынасты қамтамасыз етуге арналған, бұл өндірістегі жас басшылар үшін өте маңызды.
Бағдарлама алты айға арналған. Бұл уақыт заманауи басшының негізгі функцияларын, дағдылары мен құралдарын теориялық тұрғыдан зерттеу ғана емес, сонымен қатар өндірісте жаңа әдістерді іс жүзінде қолдануға мүмкіндік береді.
Бағдарламаның толық курсын аяқтағаннан кейін қатысушылар өздерінің оқу нәтижелерін растай отырып, қорытынды сынақтардан өтеді.
«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС
баспасөз қызметі.