«Қазақмыс Мэйнтенанс Сервисиз» ЖШС Бас директоры Қарағанды құю-машина жасау зауытында болды. Ондағы негізгі мақсат зауыттың заманауи технологиясын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрамындағы тау-кен, шахта жабдықтары зауытында жүзеге асыру.
Саят Шарафиденұлы аталған зауыт басшылығымен кездесуде технологияларды жетілдіру мен «Қазақмыс Мэйнтенанс Сервисиз» ЖШС тұтынушылары үшін Қарағанды құю-машина жасау зауытының номенклатурасын арттыруға уағдаласты. Сонымен қатар, техникалық қызмет және жөндеу жүргізу бағытында да бірлескен жобалар жүзеге асырылады.
– Қос өндіріс нысанындағы мұндай серіктестік біздің өнім өндірудегі сапаны арттырып, тұтынушылардың да көлемін ұлғайтады. Жаңа әрі тың технологиялар зауытқа серпін берері сөзсіз, – деді Саят Бәкіров.
Бағдат ҚАЗКЕНОВ.