Құқық қорғау органдарының қызметіне байланысты соңғы мәліметтерге көз салсаңыз, көңіл көншімейді. Әр адамның алаңдауына негіз боларлық қылмыстық оқиғалардың жиі қайталануы оған нақты дәлел. Алайда сол қылмыстық оқиғалармен күресте нақты бетпе-бет келетін полиция қауқары төмен дей алмайсыз. Олардың саны да көп, қуаты да зор, соған орай қолы да ұзын. Бірақ түрлі салада болып жатқан қылмыс та аз емес. Сол небір қылмыстар бір жағынан тұзақталып жатса, бір жағынан жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай жаңара түседі. Неліктен?
Әрине бүгінде құқық қорғау органдарының халықпен өзара байланысты етене дамытып, соған орай қоғамдық қауіпсіздікті талапқа сай қамтамасыз ету мәселесі күнтәртібінде тұр. Бұған халықпен тығыз байланыста қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 2024 – 2028 жылдарға арналған тұжырымдамасы да нақты дәлел. Алайда қоғамдық қауіпсіздіктің халық күткен деңгейде сақталуы мен әр адамның жеке құқының талапқа сай қорғалуы тек құқық қорғау органдарының ғана міндеті деу қаншалықты нәтиже бере алмақ.
Бұл орайда әртүрлі пікірталас көп-ақ. Тіпті кейбір мемлекеттік органдардың өз міндетіне салғырттық қарау нәтижесі құқық қорғау органдарының, әсіресе полицияның беделіне сын екені анық дейді. Өйткені қандай да бір саланың солқылдақ ісіне наразы болған жандар сол наразылықтарын ашық түрде білдіруге көшеді. Баспана жыры, жұмыстың жоқтығы, тұрмыстың ауыр ахуалы т.б. өз шешімін толыққанды табуы қиын өзекті мәселелер қазандай қайнайды. Ақыры мұндай шешімін таппаған мәселелер ашынған жандардың ашу-ызасын туғызады. Алайда күрделі тұрмыстық мәселелерді шешудің заң жүзінде нақты жолдары мен өз уақыты және орны бар екені ескерілмейді. Сондықтан олардың қалайда өз үнін естірту және талап етуге құқылы екенін айқындау мақсатын көздеген іс-әрекет тез заңсыздыққа да жол беріледі. Ал біздің елімізде қандай болмасын заңсыз іс-әрекеттің алды алынуы тиіс. Полицияның міндеті оны болдырмау.
Бірақ қоғамда орын алатын осындай заңсыз әрекеттер сол қоғамның назарын бетпердемен көлегейлегендей күйге жеткізеді. Себебі қоғамның назары тұмшалана бастағанда оның көлеңкесіндене бір ұсақ теріс қылықтар да бас көтереді. Әсіресе ұрлық, тонау, қарақшылық, алаяқтық, зорлық, зомбылықт.б. ауыр қылмыстар етек алады. Мұның бәрі ел болып күресетін келеңсіз жайлар екені сөзсіз. Және оны қоғамқұқыққорғауоргандарымен өзара тығыз байланыста, серіктестікте ғана жүзеге асыра алады. Бұл осы өзекті мәселе ІІМ Көліктегі полиция департаментінің кеңесші орган отырысында да айтылды. «Қазақстан полициясы бүгінгі күні «халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидаты аясында қоғаммен тығыз байланысқа құрылған модельге көшуде. Бұған азаматтық қоғам мен полиция арасында тұрақты өзара іс-қимыл жасау арқылы ғана қол жеткіземіз. Онсыз полиция қызметітиімдіболмайды» деді ведомство басшысы. Міне, кезкелген қылмысқа қарсы бірлесе күресудің заңды мәні бар. Тек оны әр адам білуге тиіс. Десек те осы орайда нақты айтарымыз, құқықтық төмендігінен заңның толыққанды орындалу деңгейі шет қалады. Ал заң қайткенде орындалады?
Заң адамды жазаға тарту үшін емес, сол жазадан алдын-ала ада ету үшін керек. Мұның мәні мен мәнісі еліміздің Конституциясында түбегейлі баян етілген. Ата Заңымыздан бастау алатын өзге де салалық заңдарымыздың көздегені жеке адамның құқына сай мемлекет мүддесі. Алайда оны түсініп жатқандар аз. Соның салдарынан заң солқылдақ деген жалған сенім бой алып отыр. Ал ондай жалған сенімнің пайда болатыны заңның солқылдақтығында емес, оның орындалу және орындалмауына байланысты. Бірақ осы заңныңорындалуы мен орындалмауы дегенді де көпшілік екі ұдай ұғады.
Әлбетте көпшілік заң болса, оны орындайтын құқық органдары бар деп есептейді. Құқық қорғау органдарының, әсіресе полицияның заңды орындау басты міндетінің бірі. Оған дау жоқ. Бірақ заңдарымыздың бәрі тек құқыққорғауоргандарыүшінғанажазылмайды. Мақала басында айтқанымыздай, заң әр адам үшін жазылады. Адамның бәрі бірдей. Сол заң бойынша біреуді ұруға, тонауға, азаптауға т.б. болмайды. Ал нақтыайтқандабіреудіемес, өзіңді біреудің кенеттен келіп ұруына, тонауына, азаптауына болмайды. Бұл – заң бойынша қылмыс. Қарапайым сөзбен айтқанда, сіздің конституциялық құқыңызды таптау. Ол үшін қатаң жаза бар. Ендеше әр адам бұл қатаң жазаға тартылып, түрмеге тоғытылмауы үшін өзінің құқын ешкімнің бұзуына заң жол бермейтіндігін, жол берілсе жауапқа тартылатындығын білген жөн. Ал сол білгенін үнемі жадында ұстауы және соған сәйкес ала жіптен аттамауы – заңды орындауы болып табылады. Демек, әр адам өзінің құқын қорғауы үшін ең алдымен өзі заң талаптарын білгені жөн. Ал өзгенің құқын бұзуы – өзіне жаза тағайындауы екенін ескергені жөн.
Егер әрадам осы қағидаттан аяғын қия баспайтын болса, өзінің ғана емес, өзгелердің бейбіт тірлігін қамтамасыз еткені. Демек бұл жағдайда заңның орындалуы жүзеге асады. Мұндай жандар көбейген сайын салауатты қоғамның да көздегені сындарлы, ісітәртіпті бола түседі. Тәртіп бар жерде тәрбие басталады. Кіреберіс алдына қоқыс тастап кететін жандардың іс-әрекетінен бастап, аула ішіндегікелеңсіздіктертезге салынып, заңның салтанат құруын көздеген қоғамның көзімен ұры, қараларға жүген тағылады. Бұл орайда әлбетте көпшілік үшін заңның сақталуы ғана алаңсыз өмір сүрудің айғағы екені етене кіріге түседі. Әрине, он саусақбірдейемесдегендей, жұртішінде ала да, құла да кездесетіні анық. Жазадан құтылып кетем дейтіндер баршылық. Ондай заң бұзушының жанында үнемі бір полиция қызметкері еріп жүрмейтіні тағы белгілі. Міне осындайда заң бұзуға бейім жандардың теріс әрекеті мен қылмыстыжасамауына қоғам ғана тұзақ құра алады.
Ал қоғамның оянып қауіпсіздіктің оңалуына, заңдылықты сақтауға мүдделі бола алуы тек көпшіліктің іс-әрекетіне ғана байланысты емес. Бұл мәселеге тереңірек және жан-жақты қараған жөн. Әр адамның заңды орындауына кедергі келтіретін проблеманы мемлекеттің бар саласы бірігіп шешуге тиіс. Тәртіпті, тыныштықты бір ғана құқық қорғау органдарынан талап ету – өзге мәселелердің ушығуын басады деу қателік. Бір сөзбен айтқанда, тұрмыстық ахуалдың түзелуі ғана қоғамның бейбіт өзара келісім бірлігінен айрылмауын анақты кепіл. Тұрмыс күйі жақсарған салауатты жан салтанаты жарасқан күйінің баянды болуы үшін тәртіптің де қатаң күйде сақталғанын қалайды.
Александр Тасболатов.