Бейсенбі, 15 Мамыр , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Жаңалықтар

Қауіпсіздік сақтаудан үздік ұжым

25.04.2025
- Жаңалықтар
0
Қауіпсіздік сақтаудан үздік ұжым

Суретте: шойын құю цехының басшысы Ербол ЖАНБАЕВ бастаған бір топ еңбек озаттары.

69
БӨЛІСТІ
193
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Біз сөз еткелі отырған құю-механикалық цехының шойын құю цехы өндіріс ошағының негізгі тірегі саналады. Цехтың құрылғанына тамыз айында 70 жыл толады.

Цехтың шежірелі тарихында өрлеу де, қиын кезеңдер де өтті. Адамның еңбекке деген ынтасы соның барлығын жеңіп, жоспар беру көрсеткішін оң нәтижеге бастап келеді.

Ерхан Айтмағанбетов
Ерхан Айтмағанбетов

Жанбаев Ербол Кәденұлы басшылық ететін цех биылғы жылдың 4 айында техника қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сай берілген жоспарды орындады. Ербол Кәденұлының айтуынша, бұл ұжымда 33 адам еңбек етуде.

Шойыннан бөлек үш түрлі металдан бұйым құйып, дайын өнім шығаратын цехтың мұндай жетістігі әрине ұжымдағы еңбеккерлердің өз кәсібіне деген адалдығы мен өз өмірлеріне деген жауапкершілігінің нәтижесі деп білеміз.

– Біздің металл құю бойынша тәуліктік нормамыз 3 тонна болса, айлық көрсеткішіміз 60 тоннаны құрайды. Корпорациядан берілген тапсырысты біз сапалы әрі қауіпсіз орындаудамыз. Жоспар көлемін жабу ең әуелі қауіпсіздіктен басталатынын цех ұжымы жақсы біледі. Осы ретте өндірістің көлемін арттыруға ықпал етіп жүрген Еділбай Шауыпкелов, Серік Құлмағанбетов, Люда Черная, Станислав Моторин, Нұрғали Байдалинов, Еркебұлан Жәркебаев, Қуанышбек Әлібеков сынды озаттардың еңбектері мол. Қауіпсіздікті қалт жібермей жұмысты тиімді атқару тәртібі біздің ұжымда берік қалыптасқан. Сондықтан 2025 жылдың 4 айындағы көрсеткіштерде қауіпсіздік саясатында табысқа жетіп отырмыз, – деді Ербол Жанбаев.

Ербол Кәденұлы ұжымға 2024 жылдан бері басшылық жасап келеді. Осы цехта слесарь-жөндеушіден бастап, қызметтік сатыдан өтті. Ұжымын табысқа бастаған оның кеудесінде ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісі жарқырайды.

Сондай-ақ оқыңыз

С. Жақыпова Ұлытау облысының әлеуметтік мекемелері мен кәсіпорындарына барды

С. Жақыпова Ұлытау облысының әлеуметтік мекемелері мен кәсіпорындарына барды

15.05.2025
С. Жақыпова Жезқазғанда регрессші кеншілермен кездесті

С. Жақыпова Жезқазғанда регрессші кеншілермен кездесті

15.05.2025
Цех ұжымы

Аталған ұйымға осыдан 5 жыл бұрын жұмысқа орналасқан Ерхан Айтмағанбетов өзінің кәсіпке деген қабілетімен көзге түскен азамат. Металл тілін тапқан маман Еділбай Шауыпкеловтің мектебінде шыңдалған.

– Металмен жұмыс жасаудың қыр-сырын осы 5 жыл ішінде меңгердім. Бұрын құрылыс саласында еңбек еткендіктен де болар қауіпсіздік саясатын мықтап ұстанамын. Осындай дәрежеге жетуіме септігін тигізген ұстазым Еділбай Шаупкелов болатын. Қазір ұстазыммен бір сапта тер төгіп жүрмін, – деді Ерхан Айтмағанбетов.

Пенде сынақсыз болмайды ғой, Ерхан Мүбәракұлының баласы науқастанып, дертіне шипа іздегенде қаржылай қолдау көрсеткен «КәсіпҚорған» кәсіподағының Жезқазған филиалына алғысы шексіз. Филиал төрағасы Ақылбек Төлепбергенов бастаған ұжым қиын сәтте 300 мың теңге көлемінде материалдық қолдау көрсеткен.

– Сынақ сәтінде қолдап, демеу берген «Кәсіпқорған» кәсіподағының басшылығына, филиал төрағасы Ақылбек Сағиұлына алғысым шексіз. Отбасымыздағы жағдайға бей-жай қарамағандарыңыз үшін игі істеріңізді сауаптан жазсын, – деді Ерхан Айтмағанбетов.

Еңбек пен қауіпсіздік егіз ұғым десек, соны бір арнаға тоғыстырған шойын құю цехының ұжымы талап үдесінен шыға берері сөзсіз.

Бағдат АЙТӨРЕҰЛЫ

Бөлісу28Твитерге17
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
С. Жақыпова Ұлытау облысының әлеуметтік мекемелері мен кәсіпорындарына барды

С. Жақыпова Ұлытау облысының әлеуметтік мекемелері мен кәсіпорындарына барды

15.05.2025
С. Жақыпова Жезқазғанда регрессші кеншілермен кездесті

С. Жақыпова Жезқазғанда регрессші кеншілермен кездесті

15.05.2025
С. Жақыпова Ұлытау облысының әкімі және активімен бірге мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыру барысын талқылады

С. Жақыпова Ұлытау облысының әкімі және активімен бірге мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыру барысын талқылады

15.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру