Бейсенбі, 15 Мамыр , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет «Қазақмыс»

«Қазақмыс» экологиялық және өнеркәсіптік бастамаларын ұсынды

25.04.2025
- «Қазақмыс»
0
«Қазақмыс» экологиялық және өнеркәсіптік бастамаларын ұсынды
69
БӨЛІСТІ
192
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасы Нұрахмет Нуриев «Таза Қазақстан» республикалық экофестивалінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа соңғы бір жыл ішінде компанияда іске асырылған экологиялық бастамаларды таныстырды.

«Қазақмыс» балалардың экологиялық санасын ерте қалыптастыруға ерекше көңіл бөледі. Компанияның қатысы бар өңірлерде «Таза Қазақстан» бағдарламасына ұқсас бірнеше бастама жүзеге асырылуда. Олардың ішінде «Мың Жасыл қадам» жобасы бар. Осы жоба аясында бірінші сынып оқушылары ағаш отырғызып, мектеп бітіргенге дейін оны күтіп-баптайды. Жобаға 25 мектептен 2 мың оқушы қатысты.

Тағы бір жоба – «Жасыл ойындар» – спорттық турнир мен экологиялық науқанды біріктіреді: мұнда мектеп оқушылары табиғатты тазалап, қоршаған ортаны қорғау дәрістеріне қатысады. Ал «Туған жерге қамқорлықпен» байқауы балаларға туған өлкесінің экологиялық мәселесін шешуге бағытталған жеке бастамаларын әзірлеуге және жүзеге асыруға көмектеседі.

Бұдан басқа, «Таза Қазақстан» бағдарламасы іске қосылған сәттен бастап 23 сенбілік ұйымдастырылып, жас көшеттер отырғызылды. Науқанға компанияның 26 мыңнан астам қызметкері қатысты, 500 тоннадан астам тұрмыстық қалдық жиналды, 15 мыңнан астам ағаш отырғызылды.

Сонымен қатар «Қазақмыс» Балқаш көлінің экожүйесін сақтау жөніндегі ауқымды бастамасын ұсынды. 2024 жылдың күзінде компания экологиялық жобаларды жүзеге асыру үшін 5 млн АҚШ долларын бөлетінін жариялады. 28 сәуірде Алматы қаласында министрлік пен БҰҰДБ өкілдері және эколог мамандар қатысатын дөңгелек үстел өтеді. Мұнда көлдің цифрлық егізін жасау, ластануға мониторинг жүргізетін хабар бергіш құрылғылар орнату және балық тәлімбағын салу және т.б. негізгі бастамалар іріктеледі.

Сондай-ақ оқыңыз

Тыл еңбеккерлері назарда

Тыл еңбеккерлері назарда

02.05.2025
Кәсіби шеберліктерін сынады

Кәсіби шеберліктерін сынады

02.05.2025

Қоршаған ортаға әсер ететін өнеркәсіптік жүктемені азайту саласында компания өндірістік процестерді газдандыруды жүйелі түрде жүзеге асырып келеді. Бұл парниктік газдардың шығарындыларын 20%-ға азайтуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар отын шығынын төмендетуге бағытталған энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жобалары белсенді түрде енгізілуде.

«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС
PR департаменті.

Бөлісу28Твитерге17
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
С. Жақыпова Ұлытау облысының әлеуметтік мекемелері мен кәсіпорындарына барды

С. Жақыпова Ұлытау облысының әлеуметтік мекемелері мен кәсіпорындарына барды

15.05.2025
С. Жақыпова Жезқазғанда регрессші кеншілермен кездесті

С. Жақыпова Жезқазғанда регрессші кеншілермен кездесті

15.05.2025
С. Жақыпова Ұлытау облысының әкімі және активімен бірге мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыру барысын талқылады

С. Жақыпова Ұлытау облысының әкімі және активімен бірге мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыру барысын талқылады

15.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру