Павел СТОВБЧАТЫЙ(Детектив)
(Жалғасы. Басы газеттің № 36(1789) санынан басталады).
Өз ойымнан өзім шошып кеттім. Тұла бойым бір ысып, бір суынды. Шынында да оның бізді терезеден көруі әбден мүмкін ғой. Өйткені қыз ол кезде үйінде болды. И-иә, қызық жағдай.
Жә, әркімнің пешенесіне жазылғаны бар. Мұны да ойнап көрейік. Ең бастысы, уақытымен ізіңдІ жасырып үлгер. Мүмкіндігінше бұл арадан алысқа кету керек. Тәжікстан ба… Бірақ, жақсы ақша қорың болса, онша алысқа да кету қажет емес сияқты. Гадо түсінеді, түсіну көрөк. Ал түсінбесе ше… БірдеңесІн ойластырармыз. Жаңа қыз «мол дүние» көрдім демеді ме. Қанша? «Қоқыстар» үшін – үш мыңның өзі қыруар ақша, тіпті жиырма сом үшін де өлтіріп жатқандар бар емес пе. Ондай оңбағандардың қаншасы кездеспеді. Сөйте тұрып зонада «блиндер буду» деп тістерінің арасынан сыздана сөйлөйтінін қайтерсің олардың. Сүмелектер!…
Иә, қайтпек керек. Мына қыз түрмені түсінде де көрген жоқ, ал бірақ қарпуы қауіпті. Тура акула сияқты. Әлде оныкі әшейін ойын ба? Бірақ, одан не ұтпақ?
Сірә мен ұзақ ойланып отырып қалсам керек, Света одан әрі шыдамады.
– Сонша ойланатын не бар? Оның машинасы да бар. Ал ол бізге қажет-ақ. Станцияға дейін он минутта жетесің…
– Әлгінде сен өзім апарам демеп пе едің, – дедім өз ойымнан әзер арылған мен.
– Жол бастап апарамын да. Бірақ ол алыс. Қалай болғанда да қауіп-қатері бар.
– Одан сен қанша ақша көрдің?
– Көп.
– Нақты айтар болсаң. Саған ол «қазынасын» қалай көрсетіп жүр. Байлар әдетте бұлай істемесе керек.
– О, құдайым-ай! Айтпадым ба жаңа, ол маған өлердей ғашық деп. Үйленейік деп өліп-өшіп жүр. Ақшасын көргенде құшағына құлай кетеді деп ойласа керек, маған мақтанып бәрін көрсеткен. Ақшадан басқа алтындары, он алтыншы ғасырдағы екі иконы да бар екен.
– Осындай бай күйеуді сен басқа тепкендей болдың ба сонда?!
Света маған жанарынан жасын шаша, сондай бір отты көзбен қарады. Бұл қарастан әлгі жігітке деген өшпенділікті аңғару онша қиын емес еді.
– Сіз де кене сияқты қадалған жерден қан алмай қоймайды екенсіз. Иә, мен сондай «бақытты» бастан тептім, представьте. Мен тіпті онымен төсекке де жатқаным жоқ. Мен онда адамгершіліктің жұрнағы бар шығар деп ойлағанмын. Маған ақша аса қажет болды… Бардым, сұрадым. Сосын сол күйінде кеттім. Кейін мені өзі шақырды, арымды таптап, зорламақшы болды. Сол үшін ақша да берді. Бірақ мен бергенін бетіне шашып жібердім.
– Сені айқай-шу шығарады деп қорыққан шығар.
– Білмедім. Меніңше олай емес. Кінәсін жуып-шаймақ болған болар.
– Сонымен мені сендірдім деп есепте. Енді бір кішкентай ғана сұрақ: міндетті түрде өлтіру қажет пе? Мүмкін басқа жолдарын ойластырармыз.
– Жоқ, ол жай адам емес, кездейсоқтыққа аса сене бермейді. Сіздер кетесіздер, ал мен осында қалам… Оны қайткенде де үйінен алып шығу керек. Сонда кілт қолымызға оңай түседі. Ал, үйінің есігі мықты, оқ өтпейтінін айттым ғой деймін.
Осы кездө бөлмеге қалт-құлт етіп Толя келді. Сірә әңгімемізден оянып, есіне арақ түссе керек. Светаны көріп бас изеп амандасудың ишарасын жасады да бірден бөтелкеге жармасты.
Света көршісінің қылығына бұрыннан үйренген болса керек, онша мән берген жоқ. Бар болғаны:
– Кипятильнигімді алайын деп келіп, сіздің достарыңыз болмай бірер жүз грамм алдырып отыр. Бүгін демалыста едім. Жұмыс дейтін де жұмыс жоқ қой…
Толя оның сөзін тыңдаған да жоқ. Қырлы стақанды орталай құйып алды да, көмейге төңкере салды. Тіске де ештеңе баспады. Бар болғаны тұла бойымен бір сілкінді. Сірә ішкен ақаң ішіне от болып түссе керек, соны сөндірмек болды ма.
Бізге Толяны қалай болғанда да келген орнына қайтару керек болды. Ол бізге үлкен кедергі келтіріп отыр. Бірақ қырсыққанда Толяның құлайтын түрі жоқ. Бір сағатқа таяу уақытымыз қысыр әңгімемен, құр босқа ішумен өтті. Ақыры құлаттық-ау.
Қалың ұйқыға кеткеніне көз жеткізгеннен кейін манағы үзілген әңгімемізге қайра оралдық. Бұл кезде Толямен ішкен жүз граммдар Светаның тілін шешіп, әңгімеге еркін көсілді. Енді оның шын келбеті алақанымызда тұрғандай. Мен оның мана айтқан және масайған кездегі айтқан әңгімелерін салыстыра отырып, еш алдап отырмағанын сездім. Шынымды айтсам, жазықсыз жанды өлтіруге ниетім жоқ. Бұл жүрек айнытарлық нағыз оңбаған іс еді. Бостандығың үшін өлтіру бір сәрі, онда он жылыңды не үшін алғаныңды біліп отырасың. Кейде тығырыққа тірелгенде барып, не болмаса кек қуып, қаның қарайғаннан өлтіресің. Ол да бір басқа. Ал енді, қайдағы бір құр қағаз үшін, келешекте жақсы өмір сүру, былайша айтқанда кайф үшін өлтіру нағыз айуандық болар еді. Осы уақытқа дейін мен баскесерлерді, маньяктарды, жаналғыштарды аз кездестіргенім жоқ. Олардың өлі жанарын, суық сұрқын көріп, немен, қалай демалатынын білдім. Бірде, осындай жандардың бірімен суық қабырғалы тас қамауда бірге отырғанда оның ішкі дүниесін, ой-мақсатын, істеген істерін ашық айтқызғаным бар. Сұмдық үрейлі болып еді сонда. Бірақ, оларды да осындай жағдайға, қажетті «орбитаға» шығаратын – өмірдегі қажеттілік.
Әрине, мен бұл ішкі ойымды сыртқа шығарғаным жоқ. Оның ешкімге қажеті де жоқ еді. Ал Светаға болса-болмаса да. Ол қазір қайткенде де кек қайтару үшін бір адамның қайтсе де жанын қимақ. Соған бел шешкен. Осы арқылы ол өзінің проблемаларын шешпек. Ақымақ. Қайта бар проблема осыдан басталатынын ол білер ме екен.
Адам өлтіру оңай емес. Заң алдындағы жауапкершілікті былай қойғанда, ар алдында қалай жауап бермек. Кейін соңыңнан қалмай өкшелеп отыратын қорқыныш пен үрейден қайтіп қашып құтылмақсың. Білмеймін. Мүмкін мен таза қоянжүрек қорқақпын ба, әлде аса сақтық жасадым ба… Арсүйгіштігім мені бұған жіберер емес. Екі оттың ортасында отырмын. Үзілді-кесілді қарсылық білдірсем, Гадоны өкпелетіп алуым мүмкін. Өйткені, ол Светаның сөзінен әбден оталып алған. Оның үстіне әңгіме қомақты сома төңірегіне келіп тіреліп тұр емес пе. Оған бағасыз икондарды қос.
Несі бар, ойнап көруге болады деп шештім мен ақыры. Тек жігітте кеткен есесі бар екен, онда оны өзі атсын. Оған келіспесе, онда Гадо бар. Бірақ мен емес. Біреудің қанына қолымды былғау, оның рухын арқалап жүру маған оңай емес. Мен ондайлардың сортынан емеспін. Ондайға «жаралған» өзгө жандар бар. Мен жалданбалы жаналғыш та емеспін. Біреудің бұйрығымен кісі өлтіріп, нақақ қанын мойныма жүктей алмаймын. Жоқ!
Біз келіскен күнде де «клиентпен» қыз сөйлесуі керек. Ал ол үшін телефон қайда. Бар болған күнде қыз үйден жалғыз шығады. Ал осы кезде оның айнып қалмасына кім кепіл? Адам деген де аумалы төкпелі емес пе… Тығырықтан шығуымызға осы сеп болар деген оймен, мен қызға көкейімдегі осы тектес күдікті сауалдарды қойып едім, бойжеткен әбден өз ісіне бекінген екен. Еш мүдірмеді. Ең ғажабы, онда «клиенттің» бірнеше телефон номерлеры бар болып шықты. Соның бірінен болмаса бірінен оны оңай тауып алуға болады. Ал телефон қыздың пәтерінде бар.
– Барлық телефондарға звондасам да мен оны таппай қоймаймын. Уақыт онша кеш емес, – деді ол. – Егер әлде бір себептермен ол келмей қалса… Амал нө, жолымыз болмады деп есептейміз. Мен өз уәдемде тұрамын. Сіздерді айтқан станцияға дейін шығарып саламын. Сөзім, сөз!
Аударған Ізтай БеЕЛГІБАЙҰЛЫ.
(Жалғасы бар).