Жасыратыны жоқ, шағын болса да облысымыздың орталығы – Жезқазған мен Сәтбаев қалаларында сонау келмеске кеткен Кеңесдәуірінің 50, 60-жылдарында салынған үйлер тозығы жетіп, «шаршап» тұр. Әсіресе, мұндай қажып, қалжыраған үйлер Сәтбаев қаласында басым. ЖуырдакеншілершаһарындағыСәтбаевдаңғылы, 46-үйдің тұрғындары хатпен шығып, өздерінің шағымдарын жеткізген болатын.
Өткен ғасырдың 60-жылдарында бой түзеген екі қабатты, сегіз пәтерлі үй, тұрғындардың айтуынша, қазір қараусыз. Пәтер иелері кооперативінен қайран болмағасын, оның қызметінен бас тартқан. «Бұл үйде зейнеткерлер мен көп балалы отбасылар тұрады. Үйдің іші не сырты осыған дейін бір де бір реет күрделі жөндеу көрген жоқ. Мүмкіндігіміз келгенше өзіміз кіреберісті әктеп, сырлап келеміз. ПИК-тің жұмысы өнбегесін одан бас тарттық.
Әкімдіктің тұрғынүй, коммуналдық шаруашылығына талай шағымданғанмен қайран болмады. Кәріздік құбыр жарылып, су кеткесін ПИК-ке ақша жинап бердік. Алайда, мәселеміз шешілген жоқ. Кәріздік құбырдан кеткен су үйді құлатып тынатын түрі бар. Кіреберіске кәріздің иісі сіңіп кеткен. Үйдің қабырғаларында жарықшақтар пайда болды. 5 және 6-пәтердің аралығында саусақ сиятындай тік жарық бар. Пәтерлерге жөндеу жасағанымызбен ол бір айда ағыпкетеді. Екінші қабаттағылардың көбі көшіп кетті. Өйткені төбеден аққан су саулап пәтерлерге кіреді. 7, 8-пәтерлердің төбес іүгітіліп жатыр. Қазіргі таңда 8 пәтерлі үйде үш-ақ отбасы тұрады. Олардың басқа үй жалдап кетуге жағдайлары жоқ. Бір күні үй опырылып кете ме деп қорқамыз. Әкімдіктен қалалық тұрғынүй қорынан тұрғындарға үй беруін сұраймыз», – дегенхаттатұрғындар.
Аталмыш мекенжайдың тұрғындары көтеріп отырған мәселеге жергілікті әкімдік бей-жайқарамай, олардың мұң-мұқтажына құлақ асып, тезірек әрекет етсе дейміз. Қараусыз қалған үй бір күні қирандыға айналып, адам өміріне қауіп төндірмесіне кім кепіл?!
Бағдат ҚАЗКЕНОВ.