Мыс бұлағының бастауындағы Қарсақбай металлургиялық зауытында биыл қара мыстың алынғанына 95 жыл толады. Әрине, Қарсақбайдың шоқтығы биік.
Қарашаңырақта зауыттың тамырына қан жүгіртіп отырған жүз елу адамның еңбектері ерен. «Қазақмыс» корпорациясының тапсырысын орындауда олардың мүдірген жері жоқ. Сапалы өнімнің арқасында өндіріс тұраламай алға жылжып келеді.
Бұл, әрине, осындағы майталман металлургтердің өз істеріне деген жауапкершілігінің арқасы. Металлургтердің кәсіби мерекесінде «КәсіпҚорған» кәсіподағы тарапынан зауыт еңбеккерлеріне зор құрмет көрсетілді. Еңбектегі жеке көрсеткіштері үшін үшінші дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісімен Ғабит Ермағанбетов марапатталды. Майталманға марапатын «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС бас директоры Жәнібек Байғабелов арнайы барып табыстады.
Сонымен қатар, «КәсіпҚорған» кәсіподағы Жезқазған филиалының төрағасы Ақылбек Төлепбергенов «Кәсіподақтың Құрметті қайраткері» төсбелгісімен Елубай Наурызбаевты, «Еңбек озаты» төсбелгісімен Серік Түлкібаевты, Бақтияр Аңсағаевты, Оразай Жанаділовті марапаттады. Зауыт қызметкерлері Ұлытау ауданы әкімінің Алғыс хаттарына және кәсіподақтың Құрмет грамотасына ие болды.
Қазіргі таңда зауыт 10 цехтан тұрады. Өндіріс ошағы болаттан, шойынна өнім құюдан бөлек, Қарсақбай кентін ауызсумен, жылумен және электр энергиясымен қамтамасыз ете отырып, кенттің барлық инфрақұрылымын қамтиды.
Бағдат ҚАЗКЕНОВ.