Анна және Сергей ЛИТВИНОВТАР
Детектив
(Жалғасы. Басы газеттің №1 (1754) санында).
5.
Татьяна алғашқыда өзінің қайда екендігін ұқпай қалды. Не болып жатыр? Шыңғырған кім? Сәлден соң барып санасы оянған: поезда келеді. Футбол жанкүйерлері. Москваға қайтып барады. Не болып қалды, өзі?!
Қарсы беттегі жатын орындағы өге йәкесі де ояныпты. Жатқан жерінде қозғалмастан сабырлы үн қатты: «Таня, жағдайың жақсы ма?». Ол «иә» депжауапқатты.
Айқай қайталанған жоқ, әйткенмен әйелдің жылаған дауысы аянышты естілді. Еңіреген үн көрші купеден шығып жатты. Есігі жартылай ашық тұр.
Ол ішке мойнын соза қараған. Төменгі төсекте әлгі жуан еркек шалқасынан жатыр. Оның кеудесінде – тіп-тік сұғылған пышақ. Қан бүкілт өсекке жайылыпты. Жүзін қос қолымен жауып алған әйел өксіп-өксіп жылауда.
Бірер минут өткені сол, көрші купе есігінің алдына өгей әкесі бірінші болып жетті. Өзі сықиып киініп алыпты, шашын жатқыза таранып та үлгеріпті. Жаңа ғана қырынған сияқты, өңі көз сүрінгендей.
Сөйткенше екі жолсерік қыз да келе қалды. Ходасевич ақырын болсада нық үнмен оларға «Полиция шақырыңдар. Купеге ешкімді кіргізбеңдер», – деп нұсқау берді. Арық келген Любовь оның айтқанын дереу орындауға жүгіріп кетті.
Көп ұзамай үш полиция қызметкері келді.
– Тараңдар бұл жерден! – деген жап-жас лейтенанттың дауысы саңқ ете қалды. Сөйтті де Ходасевичті көріп:
– О! Валерий Петрович! Сіз қайдан жүрсіз?! – деді.
– Таныдың ба? – деген өгей әкесі мырс етіп күлді.
– Сізді танымайтын жан бар мА екен! – деді де купе ішіне көз салысымен шошып кетті. – Құдайым-ай! Мәйіт! Маған берген бұл қандай жазаң! – деп еркінен тыс қинала тіл қатты. Сосын қарамағындағылар мен қарапайым жандардың алдында үстіндегі мундир киіміне нұқсан келтірмеуді ойлағандықтан тез бойын жинап, басын ұстамаққа көтеріліп бара жатқан қос қолын дереу түсіре қойды. – Маған дәл осының керегі жоқ еді! Дәл чемпионат кезінде! Жүрдек поезда! Қап, әттеген-ай!
Жолсерік Любовь әскери үнмен саңқылдай рапорт берді:
– Вагонға кірер есіктер түнде жабық болды! Екі жақтағы да! Техникалықкілтпен!
– Көрдіңіз бе, жолдас лейтенант, – деді отставкадағы полковник. – Яғни бөгде біреу мұнда болмаған.Өлген адам және біз – вагондағы қалған отыз бес жолаушы. Кісі өлтіруші осында.
– Валерий Петрович! Бұл не дегеніңіз! Бізде бұйрық бар: қандай жағдайда болсын жүрдек поезд еш жерге аялдамауы керек. Москваға кесте бойынша уақытылы жетуі тиіс. Сонда мен не істеуім керек! Мәйітті не істеймін?!
Купедегі әдеміше әйел жылауын доғарғанмен екі қолын бетінен алмады. Жоғары сөредегі екі жолаушы – жұқалаң келген бадырақ көз бала мен үрейленген ағылшын өз орындарынан түспей жатыр.
Ходасевич дауысын ақырын ғана шығарып, лейтенанты үйрете бастады:
– Алдымен вагондағы барлық куәлерді шығар.Қылмыс болған жерді тексеруді ұйымдастыр. Сенің жігіттерің вагондағы жолаушылардың бірін қалдырмай жүксіз, тек жеке құжаттарымен вагон-ресторанға шақырсын.
6.
Татьяна өгей әкесінің қасынан бір елі қалмай еріп жүрді. Үнемі жанында болды. Сондықтан да лейтенанттың құлағына сыбырлағанын естіп қалды:
– Оқиға болған жерді тексерген соң ешкімге білдірмей барлық жолаушылардың жүктеріне тінту жүргіз. Әрі вагонның ішіне де.
– Сонда не іздеуім керек?
– Мен қайдан білейін! Барлық күдік келтіретінді. Тек аса сақ бол, өзіңді әшкерелеп алма. Поезд тола шетелдіктер.
Олар вагон-ресторанға бара жатқанда бұрынғы шпион Таняға тапсырма берген:
– Барлығын түгелдей жазып алатын бол. Нөмірлеп кесте жаса. Фамилиясы, аты, әкесінің аты. Жасы, мекенжайы. Және бір-бірімен қандай байланысы барын анықтауға зер сал.
– Байланыс? Ол қай тұрғыда?
– Білмеймін. Есіңде болсын, ұйқыға батқан адамдар бірін-бірі жайдан жай өлтіре салмайды. Бірден кеудеге пышақ сұғып алмақ емес. Бұл мас адамдардың жанжалы емес.
– Мүмкін анна әйелі шығар соған мәжбүр болған. Әбден мезі қылған болар, маскүнемдікке салынып әрі мазасыз қылығымен.
– Мүмкін емес. Пышақ – әйелдерге тән емес ажал қаруы.
– Сонда оларға не тән?
– У. және ол шын мәнінде күйеуі болса, онда үйінде-ақ оны жайғауына сан мың мүмкіндік болды ғой. Неге дәл осы поезд ішінде?
– Мүмкін жолаушылардың бірі ме екен? Жоқ жерде туындаған егестің салдарынан болған шығар? – деді Таня тергеу ісіне өзіндік үлесін қосуға асығып. – Мүмкін перронда, әйтпесе вагонда онымен сөзге келіп қалған біреу қылмыстық әрекетке барған болар!
– Олай болу мүмкін емес, – дед іотставкадағы шпион нық сеніммен.
Жетінші вагондағылардың бәрі ресторанға ақыры келіп жетті.
Барлығы жайғасқан соң Ходасевич орнынан тұрып, өзінің кім екенін айтып жатпай-ақ бірден жиналғандарға құлаққағыс жасады, сосын ағылшын тілінде қайталады. Оның айтқанын қытайлықтар түсінбей қалғандай ишарат білдіргенеді, біреулері аударып, түсіндіріп жатты.
– Кісі өлімі болды, сондықтан куәгер ретінде осында қатысушылардың барлығының тіркелуі қажет. Әрқайсыңыз өздеріңіз туралы толық мәліметті айтып, менің көмекшіме келіп жазылуларыңызды сұраймын.
Татьяна Ходасевич өзін көмекшім деп ресми түрде жариялағанын естігенде бойын мақтаныш сезімі кернегенін іштей сезінді.
Сол жерде қалам да, қағаз да табыла кетті. Садовникова өгей әкесі айтқандай кестені тездетіп сызды да, жазуға кірісті. Алғашқылардың бірі болып (Ходасевичтің реттеуімен болс акерек), қайғылы оқиға болған купедегілер жазылды. Әдеміше келген келіншек паспортын ұсынды: Качалова Ольга Семеновна 1983 жылы туған. Ал жұқалтаң келген жас жігіт 1988 жылғы Черевикин Олег Семенович екен. Иә, фамилиялары басқаша. Ал, әкелерінің есімдері бірдей. Және бар ғой, осы М. қаласында тіркелген мекен жайлары да бірдей болып шықты.
– Не, сіздер бір туғансыздар ма? – деп сұрады Таня.
– Иә, ол менің туған інім, – деді келіншек өлген адамның төлқұжатын ұсынып жатып. Ол Качалов Игорь Юрьевич екен. 1978 жылы туған. Оныкі де сол мекенжай. Паспортындағы штампында әдемі келіншекпен осыдан тоғыз жыл бұрын, яки 2009 жылы некеге тұрғаны жазылыпты.
Сонымен белгілі болғандай олар: әйелі, күйеуі, інісі екен. Олардың бірі қаза тапты. Бұл купеде сонда тағы кім болған?
Вагон-ресторандағылар өз-өздеріне келе бастады. Бір-бірімен дауыстарын шығара сөйлесуге кірісті. Татьяна сызылған кестелерді толтыру сәтінде өзгелердің немен айналысып отырғанын да назарынан тыс қалдырмады.
Біраздан соң аспаз бен даяшы да келді. Енді отырғандар тамақ ішуге кірісті.
Таня апалы-інілі Качалова мен Черевикиннің тұсына белгі соқты да жазғандарын өгей әкесіне ұсынды.
Жетінші вагоннан келіп жеткен лейтенант Ходасевичті ымдап, кіреберістегі тар дәлізге шақырды. Оған әлденені баяндай бастағанын көріп, Таня оларға ұмтылды. Ходасевич хабарлағандай, қалай болғанда да оның көмекшісі емеспе. Не жайлы әңгіме болып жатқанын білуге әбден құқы бар.
Лейтенанттың айтқан сөзінің соңын ғана естіп үлгерді:
– …оның жастығының астында – психотроптық зат. Таблеткадағы галоперидол.
Татьяна сөзге араласып:
– Қаза тапқанның әйелінің інісі ме? – деп сұрады. Лейтенант басын изеді де, қыздың оны қайдан білетіндігіне таңданғандай шырай танытты.
Отставкадағы полковник:
– Менің ойымша, оны ұстағаның жөн-ақ. Және ұстау кезінде абыр-сабыр жаса. Ол абыр-сабырдың түбі сендерге пайдасы тиеді.
Ол түсіндім дегендей басын изеді де, сержанты қасына шақырды. Екеуі көрікті жесір әйел мен оның інісі отырған үстелге қарай бет алды. Оларғажақындапкелді де лейтенант саңқылдаған үнімен:
– Азамат Черевикин, сіз өзіңіздің жездеңіз Игорь Качаловты өлтірген күдікті ретінде тұтқындаласыз. Жүріңіз.
Апайы жыламсыр апащы үнмен:
– Сіздердің бұлай істеулеріңіз заңды емес! Айғақтарың қайда?! – деді. Таняға оның ашуы жасанды болы пкөрінді.
Ал Черевикин қарқылдай күліп:
– Мен оған айттым! Бірнеше реет айттым! Мен оған ескерттім! Жетер, Игоряша, дедім оған! Қорылыңды қой дедім!
7.
Олар өздерінің жетінші вагонына емес, вагон-рестораннан кейінгі штабтық сегінші вагонға қарай бет алды. Топты лейтенант бастап бара жатты, одан соң – қолы артына қайырылған қылмыскер. Одан кейін сержант, сосын Ходасевич, ең соңында Татьяна.
Олар штаб ретінде бөлінген бір купеге келіп жетті.
Лейтенант:
– Бұл жауап алуымыз ресми емес, жай сұхбат, сондықтан оған бөгде адамдардың қатысуына болады. Ал сіз, азамат Черевикин, мен айтар едім, ішіңіздегіні шығарып, көңіліңізді жайлағаныңыз жөн.
Ықшамдапаударған Шах МҰРАТ.
(Жалғасы бар).