Анна және Сергей Литвиновтар
Детектив
1.
Жанұшыра шыңғыру вагон ішін кернеп кетті.
Таня дәлізге жүгіріп шықты. Көрші купеден зар еңіреген дауыс естіліп тұрды. Есігі жартылай ашық екен.
Ол ішке мойнын соза қараған. Төменгі төсекте жуан ер адам шалқасынан жатыр.
Оның кеудесінде сұғылған пышақ тіп-тіке тұр.
Қан бүкіл төсекке жайылыпты.
Бетін қос қолымен жауып алған әйел оның қасында өксіп-өксіп жылауда.
2.
Валерий Петрович Ходасевич футбол десе ішер асын жерге қоятын.
Осыншама құштарлық оған неменеге керек? Ішкі барлаудың полковнигі (отставкадағы) желөкпелердің ойнына сонша неменеге қызығады екен? Гольф болса бір жөн! Әйтпесе теннис! Зиялылар ден қоятын спорт түрі көп қой.
Таня өгей әкесінен бұл туралы бірде сөз ретінде сұрағаны бар. Ал ол бір кезде теннисті де, гольфті де жап-жақсы ойнағанын айтқан.
– Теннис пен гольф – тамаша спорт түрі. Әйткенмен, – деген Ходасевич, – мен үшін «Фла» – «Флу» арасындағы айқастай әсер сыйламайды.
– Мұныңыз қандай жыртқыштар?
– «Фламенго» мен «Флуменесені» айтамын, бұлар ең әйгілі, танымал екі бразилиялық командалар. «Спартак» пен ЦСКА мұндай қарсыластарды түсінде де көрген емес!
– Бразилияда болып па едіңіз?
– Болғанда қандай! Танечка, мен онда аса қиын қызмет атқарғанмын. Россиядан әлдеқайда қашықта. Үш жылға жуық. Бір сұмырай мені бас қарсыласыма сатып кеткенше.
– Сосын не болды?
– Сосын не болушы еді, атыстық!
Валерий Петрович жылдар өткен сайын сөзуар болып барады. Бұрын өзінің қызметі туралы жақ ашпайтын. Қайда, қашан, кім болып қызмет істегені туралы сұрап бақсаң да айтпаушы еді. Ал кейінгі кезде Татьянаға кейбір жайттар туралы сырын айтатынды шығарды. Әрине түсінікті жайт: көңілсіздікті сейілту үшін. Өмірінің басым бөлігін арнаған әскери қызметін қалай ұмытсын. Кейдесөзарасындаескеалып, әлденені өзі айтады да, онысын өзі де байқамай қалып, одан әрі терең демей әңгімесін кілт үзетін болып жүр. Сосын:
– Кәне, Таюшка, одан да футбол туралы айтайық, – дейтін.
– Футбол десеңіз, футбол туралы-ақ болсын, – дейтін қыз тез келісе.
– Бразилиялықтардың футболынан кейін біздегілердің де ойынын көресіз бе?
– Мен тек бразилиялықтардың ғана емес, сонымен бірге аргентиналықтардың да, уругвайлықтардың да, испандықтардың да ойындарын көремін. Сондықтан да өзіміздікін көруге уақытым жете бермейді.
Таня қарттыңүйіне бара қалса, қашанда телевизоры спорт каналындақосулытұрады. Одан қалды үстел үстінде «Спорт-экспресс» және «Советский спорт» газеттері үйіліп тұрады.
Амандық-саулық сұрайын деп телефон шала қалса, көбіне бір ғана жауап алатын: «Танюша, тікелей эфир, матч бітісімен өзіңе хабарласамын».
…Бірде ойламаған жерде ол ұсыныс жасасын:
– Футбол ойынын арнайы көру үшін Волгадағы М. қаласына бірге (!) барайық (!!). Әрі әлем чемпионатының ашылу салтанатын қызықтаймыз.
Онда егер біздікі ойнаса бір жөнғой! Жоқ, ағылшындар мен латиноамерикандықтар кездеседі екен. Татьяна Юлия Николаевнамен (Ходасевичтің бұрынғы зайыбы) шүйіркелескен сәтте осыны айтып, ақыл сұраған. Қарттыңмұнысынесі, бұл өзі алжығандық емес пе?!
Ол кісімен ақылдаса келіп, Татьяна өгей әкесімен баруы керек деп шешкен. Өйткені Валерий Петровичті райынан қайтару мүмкін емес. Бәрінен бұрын, оған күтім мен қамқор болу керек-ақ, сондықтан да ілесіп баруына тура келеді.
Алайда жол жүру мәселесі оңайлықпен шешіле қалмады. М. қаласына сол күні бара қалатындай билет не теміржолға, не авиацияға, не автобусқа болмай шықты.
Ходасевич нық сеніммен: «Таня, еш абыржыма. Бәрін реттеймін», – десін. Онымен қоймай Валерий Петрович: «Және ақша мәселесі сені алаңдатпайтын болсын, бар шығынды өз мойныма аламын», – дегені.
Айтқандай, отставкадағы шпион таныстарының көмегімен поезға билет тапты.
– Аса жайлы қонақүйге де орын алып қойдым, – деп мақтанды полковник.
– Қаланың дәл орталығына жақын және Волга жағалауынан. Бөлек екі номер, әрине.
– Қымбатқа түскен шығар?
– Ол қонақүй бұрынғы ведомстволық болатын, сондықтан сыйластықпен маған көп жеңілдік жасады.
Таня одан әрі қазбалап сұрамады. Отставкадағы шпион бәрі бір шындықты айтпасы анық.
3.
Волга жағалауындағы М. қаласы оларға қатты ұнады.
Қонақүй шынында да дәл жағалауда екен, оның «Волга» атын иемденер әбден жөні бар. Терезеден орыстардың басты өзенінің ұланғайыр көрінісі көзге ұрады.
Қала айтарлықтай сән-салтанатқа бөленген. Бұл думанды жер, Ходасевичтің айтуынша, біздің өлкемізге бұрын-соңды тән болмаған, тек Оңтүстік Америкада, Венецияда немесе Испанияда ұшырасатын думанды көңіл-күй. Шарықтаған шаттық, алаңсыз қуаныш сыйлаған мереке жан-дүниеңе айрықша әсер сыйлайды.
Егде жасына қарамастан өгей әкесі өзін жеңіл ұстады, ұзақ серуендерден шаршаған жоқ. Ол жаңа таныстармен ортақ тіл табысып, көпшілікпен ашық-жарқын әңгімелесуге келгенде алдына жан салмады. Тіпті он жасқа жасарып кеткендей көрінді Таняға. М. қаласында өткен күндердің қызығы, айта берсең, ұзақ әңгімеге арқау болғандай. Әсіресе, әлем чемпионатының ашылу салтанаты, карнавал аяқталысымен өткен матч жанкүйерлерінің көңіліне ұмытылмастай көрік сыйлағаны анық.
4.
Англия – Коста-Рика арасындағы матч туралы сөз қозғамай-ақ қоялық. Бір сөзбен айтқанда, Таняға ойын аса ұнады. Футболды жайына қалдырып, бірден ФИФА арнаулы жүрдек поезына көшелік. Ол матч аяқталғаннан кейін, түнгі сағат 2-ден 5 минут кеткенде аттанбақ. Москваға тіке тартады.
Ходасевич пен Таняның билеттері ресторанға дейінгіжетінші вагонға екен. Таня поезға отыруға асықпады, жаздың ыстық ұзақ күнінен кейінгі түнгі салқын самал жанға қандай жайлы. Қыз вагонға бірінен соң бірі кіріп жатқан жолаушыларға әуестікпен барлай көз салып тұрды. Көбісі әлем чемпионатының кезекті ойынын тамашалауға әр елден келген жанкүйерлер болса керек, әр ұлттан.
Өгей әкесі де перронда ешкімге кедергі келтірмес үшін қағаберісте темекі тартып тұрды. Бүгінгі қаншама әсерліс әттерден кейін кең тыныстай рахаттана дем алып, қуаныш құшағына бөленген.
Валерий Петрович пен Таняның көршілері латиноамерикандықтар болып шықты. Олардың купесі шеткі, дәл туалет жаны екен. Әйткенмен жолсеріктер Любовь пен Наташаға айтар ризашылықтары шексіз, көпшіліккеарналғанорыннаниісшықпады және ашып-жабылған есігінің дыбысы естілмейді.
Шетелдіктер бірден жоғары сөрелерге жайғасты. Өздері шаршаған болулары керек, бірден ұйқыға бас қойды. Ал Таня жата қалуға асықпай өгей әкесінен сұрады: «Валерочка, олармен неге испанша сөйлеспедіңіз? Ол тілдіжап-жақсы білесіз ғой».
Өгейәкесі: «Ешқашанда артық ақпаратты жарияламау керек», – деп міңгірледі.
Татьяна оның төсегін салып берді де, жолсерікке шай әкелуін айтуға бармақ болды. Жолай кім қайда жайғасқанына зер салды. Олардың жанындағы купеге әдеміше келген әйел мен екі еркек – бірі масаңдау жуан да, ал екіншісі жұқалтаң келген бадырақ көз жігіт орналасыпты. Ал ағылшын жігіт үстіңгі сөреге төсегін жайғап жатыр екен.
Жолсерікке барып қайтып келе жатқанда жайсыз бір жағдайға куә болды.
Әлгі көрші купедегі масаң жуан дәлізде әлде біреумен ұстасып тұр екен. Жақындай бергенде құлағы шалғаны: «Сен менімен байланысар болсаң байқа, аямаймын! Жаныңды шығарамын, түсіндің бе?». Сөйткенше сұлу әйел дәлізге шыға келді де: «Жетер енді, Гарик, кір ішке! Жұртқа маза берсеңші! Жүр ұйықта!». Әйел жуан еркекті сүйрегендей купеге алып кетті.
Вагон ішінде тыныштық орнады.
Таня өзінің тұсындағы түнгі шамды жақты да шайын ішті. Қарсы жақта жатқан өгей әкесі қорылға басты. Дәл сондай қорыл көрші купеден де естілді, сірә әлгі жуан болса керек, семіз адамдар негізінен осылай ұйықтайды ғой.
Таня осы бір дыбыстардан ба, әлде көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған сәттердің әсеріме, әлде жаңа ғанаі шкен шайдан ба, ұйқысы келер емес. Дәлізге екі реет шығып, біраз тұрды. Сыртта жарық бола бастады, иә, маусым айының түні қысқа ғой. Поезд болса селкіл деп жүйткіп келеді. Бірқатар купелердің есігі жабық, кейбіреулерінікіжартылайашық, Танядан басқалардың бәрі ұйқы құшағында болса керек.
Қисайып жатқаны сол ұйықтап кетіпті, сірә, санаулы ғана минут өткен болар-ау, вагонның тыныштығын қорқынышты шыңғырған дауыс кілт үзді.
Ықшамдапаударған
Шах МҰРАТ.
(Жалғасы бар).