«КәсіпҚорған» кәсіподағының төрағасы Уәлихан Нұржанов бастаған ұйымның бір топ өкілі жақында «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» акционерлік қоғамының қызметкерлерімен кездесті.
Ұлытау облысы әкімдігінің ғимаратында өткен екі жақты жиын барысында өңірде «медициналық туризімді» дамыту жобасы сөз болды. Кәсіподақ төрағасы Уәлихан Қуанышбекұлы орталық мамандарына аймақтағы медицинаның бүгінгі мән-жайын айта келіп, өндірісте еңбек ететін еңбеккерлер мен облыс тұрғындарын сапалы медицинамен қамтамасыз етудің маңыздылығына тоқталды. Солардың қатарында өзекті мәселе ретінде төраға «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС өндіріс ошақтары орын тепкен Ұлытау және тағы да басқа облыстарда медициналық орталықтың қызметкерлері вахталық тәсілмен арнайы барып, еңбеккерлердің денсаулығын бақылап, қызмет көрсету жайын қозғады.
Орталық өкілдері «КәсіпҚорған» кәсіподағы тарапынан көтерілген мәселелерді сараптап, бірлесе жұмыс атқаруға ниетті екендіктерін білдірді.
Бағдат ҚАЗКЕНОВ.