Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясында сайлау науқанын сөз етіп, мәжіліске көзқарасы әртүрлі саяси ұстанымдағы күштер келгенін айтты, деп хабарлайды Ақорданың ресми telegram-арнасы.
«Сайлау науқаны кезінде көптеген орынды сын, байыпты ұсыныс айтылды. Бізайтылғансалмақтыұсыныстардыміндетті түрде зерделейміз. Бәсеке жоғары болғандықтан, сайлау нәтижесін алдын-
ала болжау мүмкін емес болды. Оның қорытындысы еліміздің нағыз көп партиялы мемлекетке айналу жолында маңызды қадам жасағанын көрсетті. Мемлекет басшысы ретінде айтарым, мәжіліске көзқарасы әртүрлі саяси ұстанымдағы күштер келді деп есептеймін. Алғаш реет ұзақ жыл бойы оппозицияда болған партия Парламентке өтті. Біз осының бәріне ауқымды саяси реформаның арқасында қол жеткіздік. Партияларды тіркеу мәселесін реттейтін заңнаманың өзгеруі де бұған септігін тигізді», – деді мемлекет басшысы.
Президент бұдан былай партиялар еліміздің болашағына зор ықпал ететін саяси үдерістің басы-қасында жүретінін айтты. «Мәжіліске бір мандатты округтен де депутаттар сайланды. Яғни, парламентке түрлі әлеуметтік топтан шыққан өкілдердің келуіне жол ашылды. Сондай-ақ, ұзақ жылдан бері алғаш рет өзін-өзі ұсынған үміткерлер депутат атанды. Бірқатар азамат партия атынан шыққан үміткерлерді тартысты бәсекеде жеңіп шықты.
Президент алдағы бес жыл ел тағдыры шешілетін маңызды кезең болатынын айтты . «Алдымызда айрықша маңызды міндеттер тұр. Біз жан-жақты жаңғырту жұмысын күшейтуіміз қажет. Сондай-ақ, әлеуметтік-экономикалық даму барысына тың серпін беруіміз керек. Еліміз ұзақ уақыт бойы қолайлы сыртқы ахуалға арқа сүйеп келді. Нешетүрлі тұжырымдамаларға, бағдарламаларға сенді. Атқарылған жұмыс туралы жалған есепке сенуге мәжбүр болды.
Алайда, аса маңызды, өзекті мәселелер назардан тыс қалды. Халықтың тұрмыс сапасы әлі күнге дейін жақсы емес. Құқықтық әділетсіздік белең алды. Бай мен кедейдің арасы алшақтай түсті. Алдағы бес жылда Үкімет және парламент осы негізгі мәселелердің шешімін табуы қажет. Біз еліміздің белдеуін бекемдеп тартуымыз керек. Экономикада және әлеуметтік салада жылдар бойы жиналып қалған түйткілдер бар. Оның барлығын ретке келтіруіміз қажет. Сол үшін жұрттың бәріне бірдей жаға бермейтін, бірақ тиімді әрі қажетті шешімдер қабылдау керек болады», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.