Кен өндіру саласында отыз жеті жыл тәжірибесі бар Қайратбек Нұрмағамбетов асқаралы алпыс жасқа абыроймен жетіп отыр. Қайратбек Тілегенұлы – «Кенші даңқы» төсбелгісінің толық иегері.
«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС құрылымдарында қарапайым жұмысшыдан «Қарағандытүстімет» ӨБ өндіріс жөніндегі директоры қызметіне дейін өсті. «Нұрқазған» кенішінің өндірістік көрсеткішін көтеруде де өндіріс бөлімінің басшысы ретінде сүбелі еңбек атқарып келеді. Еңбек жолындағы даңқы асқақтады. 1985 жылы Қарағанды политехникалық институтын тау-кен инженер-шахтақұрылысы мамандығы бойынша бітіріп, Жезқазған шахтақұрылыс тресіне орналасты. Әр жылдары «Жомарт» кенішінде еңбек етті, «Қарағандытүстімет» ӨБ өндіріс жөніндегі директоры лауазымын атқарды, онда кеніштер мен карьерлерге жетекшілік етті. 2009 жылдан бастап Қайратбек Нұрмағамбетов «Нұрқазған» кенішінің құрылысы мен іске қосылуына белсенді қатысып, осы күнге дейін өндіріс бөлімінің бастығы болып еңбек етуде. Өндіріске келген жастарды баулуда тәлімгерлік мектебін де қалыптастырды.
Бағдат ҚАЗКЕНОВ.
Құрметті Қайратбек Тілегенұлы!
Сізді асқаралы алпыс жасыңызбен құттықтаймыз!
Өндірістің өркендеуінде өлшеусіз еңбек сіңірдіңіз. «Нұрқазған» кенішінің қалыптасуы мен іртегасының берік қалануында айрықша үлесіңіз бар. Алда да қажыр-қайратыңыз бен біліміңізді кеніштің мүддесіне арнай беріңіз. Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық тілейміз!
Құрметпен,
«Нұрқазған» кенішініңәкімшілігі мен «КәсіпҚорған» кәсіподағыкомитеті.