Сары мыс сапырған Жезқазған мыс қорыту зауытынан әлемдік нарыққа шығарылатын өнімді дайындауда бірнеше құрылымның жұмысы қат-қабат жүріп жатады.
Мысты тазарту, пісіру, оны прокатқа дайындау сынды үдерістер кәсіпорынның мысты электролиздеу цехында жүзеге асады. Сапалы өнім шығаруда бұл цехтың атқарып отырған жұмысы ауқымды. Солардың қатарында энергетика, слесарь-жөндеу қызметінің маңызы айрықша.
Ауқымы кең өндірістік алаңдағы жабдықтарға дер кезінде қызмет көрсетуге дайын тұратын электрмонтерлер мен слесарь-жөндеушілер тобы – өз мамандықтарының хас шеберлері. Металлургияның мәйегіне айналған мысты электролиздеу цехы білікті де тәжірибелі мамандардың арқасында сары мыстың өз деңгейінде шығуына үлес қосуда.
Суретте: телім шебері Кенжетай Құдайбергенов бастаған электрмонтерлер мен слесарь-жөндеушілер тобы.