Бірқатар БАҚ «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша міндеттемелерін бұзғаны туралы ақпарат жариялады. Алайда, бұл шындыққа жанаспайды. Ақиқатында, пандемия және постпандемия кезеңдерге қарамастан корпорация жер қойнауын пайдалануға келесі келісімшарттар бойынша 2020-2022 жылдарға арналған инвестициялық міндеттемелерді орындады:
- Келісім-шарт №109 (Нұрқазған): 272%;
- Келісім-шарт №114 (Жезқазған): 200%;
- Келісім-шарт №243 (Қоңырат, Саяқ-1 и Тастау): 111%;
- Келісім-шарт №583 (Шатыркөл): 142%;
- Келісім-шарт №663 (Жаман-Айбат): 98%;
- Келісім-шарт №1681 (Абыз): 156%;
- Келісім-шарт №2321 (Ақбастау): 92%;
- Келісім-шарт №4188-АЖИ (Спасск мыс кені аймағы): 281%;
- Келісім-шарт №5218-АЖИ (Жыланды тобы): 136%;
- Лицензия №1-ML (Қажықонған): 969%.
Корпорация облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі бойынша өз міндеттемелерін толығымен (100%-дан астам) орындады, Қазақстан азаматтарын даярлауды және ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарын қаржыландырды. Компания Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген барлық салықтар мен төлемдерді уақытылы өтеді. Лицензиялау және шарттық міндеттемелерден бөлек, 2020-2022 жылдар аралығында «Қазақмыс» Қарағанды облысы мен Ұлытау өңірінің инфрақұрылымын қолдау және жақсарту үшін 45 миллиард теңгеден астам инвестиция салды.
Бүгінгі таңда «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС еліміздің геологиялық-барлау саласына белсенді инвестиция салуда. Осылайша, 2019-2023 жылдар аралығында компания Қазақстанның жеті облысында 47-ге жуық геологиялық барлау жобасын іске асырып осы саланы әрі қарай дамытуда. Зерттелген аумақ 20 мың шаршы шақырымды құрады. Жалпы инвестиция көлемі – 31 миллиард теңгеден астам. Корпорация минералдық-шикізат базасын кеңейту мақсатында, соның ішінде Соқырқой кен орнының айналасында 2024 жылы қатты пайдалы қазбаларды барлауға тағы 15 лицензия алды.
«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС әртүрлі сайттарда таратылып жатқан және мемлекеттік органдардың дерекқорлары берген қате ақпаратқа негізделген, шындыққа жанаспайтын ақпарат көздерін сынға алады. Компания Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзінің іскерлік беделін қорғауға ниет білдіреді.
«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС баспасөз қызметі.