Еңбек ұжымы арасындағы ынтымақ пен бірлікті нығайтып, достыққа үндеуді, еңбеккерлердің жұмыстан тыс уақытын ұтымды әрі пайдалы өткізу мақсатында Оңтүстік Жезқазған кенішіндегі «КәсіпҚорған» кәсіподақ комитеті мен «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС «Jastar Bolashaq» Жастар одағы бірлесіп, кеніш еңбеккерлерінің арасында бильярдтан жарыс ұйымдастырды.
Жарысқа аталмыш ойын түріне қызығушылық танытқан оннан аса кеніштің түрлі құрылымынан түрлі мамандық иелері қатысты.
Бильярд ойынының ережелеріне сай өткен бәсекеде үздіктерді анықтау да оңай болған жоқ. Ойынның нәтижесінде № 7 телімнің үңгілеушілер бригадирі Мақсұт Тәтенов 1-орынды жеңіп алса, 2-орынды № 45 шахта № 3 телімнің бұрғылаушысы Әлібек Бегленов еншіледі. 3-орынның жүлдесі № 65 шахта № 9 телімнің бұрғылаушысы Әзім Хасеновтің қанжығасына байланды.
Ұйымдастырушылар тарапынан жеңімпаздарға ақшалай жүлде табысталды. Комитет төрағасы Алмаз Қоңырқұлжинов жарысқа қатысып, бақ сынаған кеніш еңбеккерлеріне алғысын айтып, жеңімпаздарға сый-сияпат тапсырды.
Бағдат ҚАЗКЕНОВ.