Меморандум әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге бағытталған. Құжатқа сәйкес «Қазақмыс» әкімдікпен бірлесіп Қарағанды облысында 15 әлеуметтік жобаны іске асыруға ниетті.
Тараптар білім беру, тұрғынүй жағдайларын жақсарту және қалалық кеңістіктерді дамыту сияқты бірқатар басым бағыттарды айқындады. «Қазақмыс» корпорациясы Абыз ауылындағы мектепті жөндеуді, Балқаш қаласында балабақшаны қайта құру мен ашуды жүзеге асырады және тағы басқа жобаларды қолдайды.
Меморандумға Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ермек Алпысов пен «KazakhmysHolding (ҚазақмысХолдингі)» ЖШС ESG жобасының жетекшісі Сәкен Шаяхметов қол қойды.
– Бұл бірлескен қадам тараптардың көп жылғы жемісті ынтымақтастығының көрсеткіші болып табылады. Жоспарланған жобаларды іске асыру өңірдің одан әрі дамуына ықпал етеді, бұл корпорация ұстанатын құндылықтарды тікелей бейнелейді, – дедіСәкен Шаяхметов.
«Қазақмыс» корпорациясы әлеуметтік жауапкершілік шеңберінде әрдайым өндіріс орындары орналасқан өңірлерінде жайлы өмір сүру жағдайлары мен қолайлы қалалық орта құра отырып, өндіріс орындары бар өңірлерін дамытуға ұмтылады.
Меморандум шеңберінде жоспарланған 15 жобаны «Қазақмыс» қаржыландыруы есебінен 2023 жылдың соңына дейін іске асыру жоспарлануда.
«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС баспасөз қызметі.