«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Нұрахмет Нұриев «KazakhmysSmelting (ҚазақмысСмэлтинг)» ЖШС жаңа басшысын таныстырды. Оған басшы болып Жәнібек Байғабелов тағайындалды.
Жәнібек Алтынбекұлы Байғабелов тәжірибелі басшы, көптеген жылдар бойы Қарағанды құю-машина жасау зауыты «Maker (Мэйкер)» ЖШС басқарады. 2008 жылы Ұлыбританияда «Болашақ» бағдарламасы бойынша магистратураны бітірді.
Өзінің кәсіби қызметі жолында еліміздің ірі кәсіпорындарында еңбек етті. ERG тобының кәсіпорындарында 15 жыл жұмыс істеді. 2016 жылы «ССКӨБ» АҚ техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі Вице-президентіболыптағайындалды. 2019 жылы Қарағанды құю-машина жасау зауытының басқарма төрағасы болды. Жәнібек Байғабелов – «Атамекен» ҰКП машина жасау комитетінің төрағасы, ҚР «Құрметті машина жасаушысы» болыпта былады.
«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС
баспасөз қызметі.