Бейсенбі, 19 Қараша , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Жаңалықтар

ТЕМІРДІ ТӨЗІММЕН ТҮЛЕТКЕН

18.11.2026
- Жаңалықтар
0
ТЕМІРДІ ТӨЗІММЕН ТҮЛЕТКЕН
131
БӨЛІСТІ
363
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

«Темірдің де жаны бар», – дейді токарь Мақсұт Өмірзақұлы Мулахов. Қарапайым ғана айтылған осы сөздің астарында оның өндіріс саласындағы ұзақ жылғы тәжірибесі мен өз ісіне деген айрықша құрметі жатыр. Өйткені темірді қажетті пішінге келтіру үшін техниканы меңгеру жеткіліксіз. Оған қоса асқан дәлдік, төзім мен шеберлік қажет.Мақсұт Өмірзақұлының токарьлықты таңдауы да тегін емес. 1989 жылдың тамызында, небәрі 17 жасында мектеп бітірген соң, апасы Қарлығаш Мулахованың ізін басып, Тау-кен жабдықтау зауытына жұмысқа орналасады. Осылайша жас жігіттің өндіріс әлеміндегі алғашқы қадамы басталады.1996 жылы шахта жанындағы сервистік орталыққа ауысып, онда 2020 жылға дейін, яғни 24 жыл бойы токарь болып еңбек етеді. Бұл кезең оның кәсіби білігін шыңдап, нағыз шебер ретінде қалыптасуына жол ашты. Токарьлық – ұқыптылық пен жауапкершілікті қатар талап ететін жұмыс. Әр бөлшектің өлшемін мүлтіксіз келтіріп, сапалы өңдеу үшін асқан зейін қажет. Мұнда ұсақ-түйекке орын жоқ. Өйткені бір ғана өлшемнің ауытқуы тұтас жұмыстың сапасына әсер етуі мүмкін дейді ол. 2020 жылы Мақсұт Өмірзақұлы еңбек жолын алғаш бастаған Тау-кен жабдықтау зауытына қайта оралып, бүгінде механикалық цехта жұмысын жалғастырып келеді. Арада қаншама жыл өтсе де, темір өңдеуге деген ықыласы бәсеңдеген емес. Жастайынан таңдаған ісіне өмір бойы адалдық таныту – екінің бірінің еншісіне бұйыра бермейтін қасиет. Төрт перзенттің әкесі үшін еңбек – тек нәпақа табудың амалы емес, шаңырағының шаттығы мен отбасының берекесін еселеудің де жолы. Ал апасы Қарлығаштың ізін жалғап, өндіріс саласында токарь атануы – әулеттен дарыған еңбек өнегесінің жарасымды жалғасы.Өндірістің өрісі кеңейіп, зауыт жұмысы алға басуы үшін осындай ісіне мығым, кәсібіне берік жандар керек-ақ. Мақсұт Өмірзақұлының еңбек жолы – соның бір айғағы. Қарапайым кәсіптің қадірін арттырып, темірге тіл бітірген шебердің өнегелі ғұмыры еңбек адамын әрқашан биік тұғырға көтеретінін аңғартады.

Бөлісу52Твитерге33

Көп қаралған

  • ТЕМІРДІ ТӨЗІММЕН ТҮЛЕТКЕН

    ТЕМІРДІ ТӨЗІММЕН ТҮЛЕТКЕН

    131 бөлісті
    Бөлісу 52 Твитерге 33
  • ЖОЛДАУ-ДАМУҒА БАҒЫТ

    93 бөлісті
    Бөлісу 37 Твитерге 23
  • ҚАЗАҚМЫС ӨНДІРІСКЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ПЕН ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЕНГІЗУДЕ

    81 бөлісті
    Бөлісу 32 Твитерге 20
  • ЖЕЗҚАЗҒАН – АРҚАЛЫҚ ЖОЛЫ ТОЛЫҒЫМЕН ЖАҢАРДЫ

    76 бөлісті
    Бөлісу 30 Твитерге 19
  • «ҚАЗАҚМЫС» ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАЛАРЫМЕН ҮЗДІК АТАНДЫ

    74 бөлісті
    Бөлісу 30 Твитерге 19
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру