Маусымның 8-і – сәрсенбінің сәтті күнінде ҚР Президентінің жаңа облыстарды құру жөніндегі Жарлығы күшіне енді. Осыған орай, жаңадан жасақталған Ұлытау облыстық мәслихатының бірінші шақырылғаналғашқысессиясыболыпөтті.
Жаңа облыстың бірінші сессиясының жұмысына депутат Бекзат Алтынбеков төрағалық жасады. Сессияға облыстық мәслихаттың 12 депутатының 11-і қатысты. Сондай-ақ, облыс құрамындағы Қаражал, Сәтбаев, Жезқазған қалалары мен Жаңаарқа, Ұлытау аудандарының әкімдері, бұқаралық ақпарат ұралдарының өкілдері қатысып отырды. Сессияның күнтәртібіне қойылған мәселелер бойынша жаңа құрамы сайланып, тұрақты комиссиялары құрылды.
Сессияда Ұлытау облыстық мәслихатының хатшысы болып депутат Бауыржан Қабденұлы Шыңғысов бірауыздан сайланды. Ол бұған дейін «AMANAT» партиясының «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС жанындағы Қарағанды филиалының атқарушы хатшысы қызметін атқарған болатын. Сессия мінберіне көтерілген Бауыржан Қабденұлы өзіне қолдау көрсетіп, сенім білдірген әріптестеріне алғысын айтып, бұдан былай Ұлытау облысының дамуы жолында бар күш-жігерімен қызмет ететінін жеткізді.
Сессия облыстық мәслихаттың аппаратын құруға байланысты басқа да мәселелерді қарап, бекітті.
Амандық РАХҰЛЫ.