Жұмысы вахталық әдіске негізделген «Жомарт» кенішінің еңбеккерлерінің әлеуметтік жағдайы «КәсіпҚорған» кәсіподағының назарынан тыс қалған емес.
Кеніштегі «JastarBolashaq» Жастар одағы мен кәсіподақ комитеті ораза ұстаған жамағатқа ауызашар ұйымдастырды. Сауапты істен шет қалмаған қос ұйымның бастамасына кеніш директоры Б. Байтоқов кеншілер атынан алғысын білдірді.
Кеншілерге арнайы жайылған дастарқан басынан табылған «КәсіпҚорған» кәсіподағы Жезқазған филиалының төрағасы Ақылбек Төлепбергенов ораза ұстаған жамағатқа тілегін арнап, қай кезде де кәсіподақ тарапынан еңбеккерлерге қолдау болатындығын жеткізді.
Бағдат ҚАЗКЕНОВ.