Сәрсенбі, 8 Шілде , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Жаңалықтар

Ұлытау облысында «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауы өтті

20.06.2026
- Жаңалықтар
0
Ұлытау облысында «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауы өтті
67
БӨЛІСТІ
187
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Ұлытау облысында отандық өндірісті қолдауға және жергілікті кәсіпкерлердің әлеуетін танытуға бағытталған «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауы ұйымдастырылды. Ауқымды шараға өңірдің 80-ге жуық кәсіпкері қатысып, өз өнімдерін көпшілік назарына ұсынды.

Көрмеде нан және кондитерлік өнімдер, ет және сүт өнімдері, жартылай фабрикаттар, тоқыма бұйымдары, былғары, киіз және күмістен жасалған қолөнер туындылары, ұлттық киімдер мен халық тұтынатын түрлі тауарлар қойылды.

Іс-шара Ұлытау облысы әкімдігі мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Ұлытау облыстық филиалының ұйымдастыруымен өтті.

Көрмені аралаған облыс әкімі Дастан Рыспеков өңірде кәсіпкерлікті дамытуға ерекше көңіл бөлініп отырғанын атап өтті.

Байқау қорытындысы бойынша өңірдің 9 кәсіпкерлік субъектісі арнайы номинациялар бойынша жеңімпаз атанып, марапаттар мен арнайы сыйлықтарға ие болды.

Алдағы 2026 жылғы 21 шілдеде жартылай финалистер өңірлік бренд-комитет алдында өз бизнес-идеяларын қорғайды. Іріктеу нәтижесінде үздік 10 жоба анықталып, олар Ұлытау облысының атынан республикалық деңгейдегі көрме-жәрмеңкеге қатысады. Сонымен қатар финалистер кәсіптерін дамытуға арналған 5 миллион теңге көлеміндегі грантқа үміткер болу мүмкіндігіне ие болады.

Аталған байқау жергілікті өндірісті дамытуға, өңірлік брендтерді қалыптастыруға және кәсіпкерлердің жаңа нарықтарға шығуына жол ашатын маңызды алаң болып табылады.

Бөлісу27Твитерге17

Көп қаралған

  • Тіл жанашырлары мараптталды 

    Тіл жанашырлары мараптталды 

    103 бөлісті
    Бөлісу 41 Твитерге 26
  • Ширек ғасырлық мерейтой

    82 бөлісті
    Бөлісу 33 Твитерге 21
  • Шахтадағы еңбек жағдайымен танысты

    81 бөлісті
    Бөлісу 32 Твитерге 20
  • «Доңғалақ» па,«дөңгелек» пе?

    533 бөлісті
    Бөлісу 213 Твитерге 133
  • Орнықты орынбасар

    91 бөлісті
    Бөлісу 36 Твитерге 23
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру