Ұлттық статистика бюросының 2026 жылғы қаңтар-мамыр айларындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есебіне сәйкес, 2026 жылдың І тоқсанында Ұлытау облысындағы орташа айлық жалақы мөлшері 655 995 теңгеге жетті. Бұл көрсеткіш Астана, Алматы қалалары мен Атырау облысындағы орташа жалақы деңгейінен жоғары. Бұдан бөлек өңірдегі орташа номиналды жалақы мөлшері 461 486 теңгені құрайтын республикалық орташа жалақы деңгейінен асып түсті.
Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, еңбекақы деңгейі бойынша көш бастап тұрған үштік қатарында мыналар бар:
Маңғыстау облысы – 659 801 теңге;
Ұлытау облысы – 655 995 теңге;
Атырау облысы – 652 950 теңге.
Осылайша орташа айлық жалақы көлемі бойынша Ұлытау еліміздің екі мегаполисін басып озды: Астанада бұл көрсеткіш 609 725 теңгені, Алматыда 574 162 теңгені, ал Шымкентте 350 374 теңгені құрады.
Айта кету керек, өңірдегі жоғары жалақы деңгейінің негізгі факторларының бірі – тау-кен металлургия кешені мен өңірдегі ең ірі жұмыс беруші болып табылатын «Қазақмыс» корпорациясының қызметі. Өңірдегі өндірістік кәсіпорындардың тұрақты жұмысы мен ірі жобалардың іске асырылуы еңбек нарығының тартымдылығын арттырып, білікті мамандарды тартуға мүмкіндік беруде.

