Сейсенбі, 17 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Әлеумет

Ұлым менің – Отан қорғаушы

25.08.2023
- Әлеумет
0
Ұлым менің – Отан қорғаушы
126
БӨЛІСТІ
349
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Ер азамат әскер қатарында қызмет етіп, Отан алдындағы парызын өтеуге міндетті, себебі туған жерді, елді, атамекенді қорғау – қасиетті борыш. Өзін ер азаматпын деп санайтын кеудесінде ар-намысы, бойында жігері, жүрегінде оты бар әрбір жігіт үшін ең басты парыз, ең басты
міндет осы.

Ата-анаға баладан қымбат не болсын. Әрбір ата-ана перезентінің аман болып, көз алдында жүргенін қалайды. Мен де ұлым Ержанды әскерге аттандырғанда қатты қобалжып, уайымдағаным рас. Баламды әскер қатарына шығарып салып тұрып, оның сапарына сәттілік тілеп, елдің қауіпсіздігі үшін қандай да болмасын қиындықтарға төзіп, өзіне деген жауапкершілікті сезініп, қолына қару алып, оны пайдалану жолдарымен жете таныса білсін дедім.

Өз еркімен әскерге барған ұлым салтанатты түрде әскери ант қабылдап, Алматы қаласында орналасқан №7552 Ұлттық Ұлан қатарын толықтырғанда, кеудемді мақтаныш сезімі кернеп тұрды. Ұлым Ержанның әскери борышын адал атқарып жатқанына, жауынгерлік қызметтегі жоғары көрсеткіштеріне, үлгілі тәртібіне және де әскери антына адалдығына № 7552 әскери бөлімнің командирі Р. Ибрагимовтың берген Алғыс хаты айқын  дәлел бола алады.

Өз хаттарында әскери өмірі мен казармадағы қызықты күндерін айта келе ұлым Ержан өз сөзінде Қазақстанның әр аймағынан жиналған жастармен бір бауырдай болып кеткенін, жаңа достар тапқанын айтады. «Әскери орта – әрбір ер азаматты нағыз ерлікке, шынайы достыққа және адалдыққа тәрбиелейді. Әскер бізді шынықтырады, шыңдайды. Алға қойған арманым көп, соның бірі өз еркіммен Отан алдындағы азаматтық борышымды адал өтеп, еліміздің қауіпсіздігі үшін өз үлесімді қосу. Көп арманымның бірі орындалып жатқанына қуаныштымын!» –  деп жазады.

Сондай-ақ оқыңыз

Бу-га  құрылғысы салынады

Бу-га құрылғысы салынады

14.03.2025
Ұлытау облысында – жаңа әкім

Ұлытау облысында – жаңа әкім

11.10.2024

Әскери борышын абыроймен өтеу ұлым Ержан үшін үлкен сын. Сол сыннан сүрінбей өтіп, ел қауіпсіздігі үшін абыройлы қызмет етіп оралатына сенімім мол. Отанымыздың қорғаушылыры – ер азаматтардың жолдары әрдайым ашық болсын. Туған еліміз егемен Қазақстан жайқалып гүлдей берсін, балаларымыз бейбіт күнде өз отбастарына аман-есен оралсын деп тілеймін.

Қажымұқан Темірбек.

 

Бөлісу50Твитерге32
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
«Комсомол»  колхозы

«Комсомол» колхозы

28.03.2025
«Жаз жайнатып, күн күлдіріп, біз лагерьге барамыз»

«Жаз жайнатып, күн күлдіріп, біз лагерьге барамыз»

05.07.2024
«Қазақмыстықтар» «Алтын Гефест – 2025» байқауында жоғары марапатқа ие болды

«Қазақмыстықтар» «Алтын Гефест – 2025» байқауында жоғары марапатқа ие болды

13.06.2025
AMM 2025: «Қазақмыстың» негізгі бағыттары мен бастамалары

AMM 2025: «Қазақмыстың» негізгі бағыттары мен бастамалары

13.06.2025
Еңбек қауіпсіздігі – басты назарда

Еңбек қауіпсіздігі – басты назарда

13.06.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру