Бейсенбі, 19 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Әлеумет

Бу-га құрылғысы салынады

Қуаты – 75 мегаватт

14.03.2025
- Әлеумет
0
Бу-га  құрылғысы салынады
71
БӨЛІСТІ
198
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Жезқазған жылу-электр орталығында жүзеге асатын маңызды нысанның құрылысы өткен аптаның бейсенбісінде басталып, іргетасына естелік капсула салынды. Құрылғыны 2027 жылы қатарға қосу көзделген.

«Қазақмыстың» экологиялық таза технологияға көшу және өнеркәсіптің қоршаған ортаға тигізетін теріс әсерін азайту стратегиясының бір бөлігі болып табылатын оны қаржыландыруға «Kazakhmys Energy» компаниясы қомақты инвестиция қарастырып отыр.

Бұл – 2023 жылы 20 тамызда облыс әкімдігі мен «Kazakhmys Energy» компаниясы басшылығы қол қойған меморандумның нақты нәтижесі. Сол күні қондырғының жобалық құжаттарын дайындау жөнінде «Sinohydro» компаниясының Қазақстандағы өкілі Ли Тенг, «Sepco» корпорациясының Оңтүстік-Шығыс және Орталық Азиядағы бас директоры Уанг Гуанжонгпен келісім-шарт жасалды..

– Жоба өңірдің энергетикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуге және экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған. «Жобаны жүзеге асыру өңірдің энергетикалық жүйесін дамытуда маңызды қадам болмақ. Отынға «Сарыарқа» құбырымен табиғи газ жеткізіледі, бұл қоршаған ортаға тарайтын зиянды затты айтарлықтай азайтып, экологиялық жағдайға игі әсер етеді, – деді, салтанатты жиында энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов.

Сондай-ақ оқыңыз

Ұлытау облысында – жаңа әкім

Ұлытау облысында – жаңа әкім

11.10.2024
Ләззат РАНОВА,  облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:  «Міндет – мінсіз қызмет»

Ләззат РАНОВА, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы: «Міндет – мінсіз қызмет»

04.10.2024

Қондырғы құрылысы аяқталған соң, оған «Siemens Energy» компаниясының заманауи газ-турбина агрегаты орнатылады. «Kazakhmys Energy» компаниясының бас директоры Темірлан Өтегенов бу-газ қондырғысы қатарға қосылғанда өңірді энергиямен жабдықтау сенімділігі артатынын тілге тиек етті. Сондай-ақ, 80-ге жуық жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Нысанды пайдаланудан түсетін жылдық салық көлемі шамамен 2,3 млрд теңге болады.

«Kazakhmys Energy» ЖШС – 2012 жылы 8 қарашада Жезқазған және Балқаш жылу-электр орталығы базасында құрылып, «Қазақмыс» корпорациясынан енші алып шыққан компания. Ол «Қазақмыстың» өндірістік нысандары мен Жезқазған, Сәтбаев, Балқаш, Топар, Абай және тағы басқа елді мекенді жылумен және электр қуатымен жабдықтайды.

Былтыр «Тариф орнына – инвестиция» жобасы аясында Жезқазған жылу-электр орталығында № 8 қазандық жаңғыртылды. Ал, алдағы жылдың аяғына дейін № 10 қазандық пен № 5 турбина (50 МВт) күрделі жөндеуден өтеді. Бұл жұмыс толық аяқталғанда жылу-электр орталығында электр қуатын өндіру көлемі 260 МВт-қа дейін артады.

Сонымен қатар, облыста энергетикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында 11 МВт қуаты бар күн электр станциясы салынған. Қазір қуаты 100 МВт болатын жел электр станциясының құрылысы жүргізілуде. Аталған жобалар өңір экономикасының тұрақты дамуына, экологиялық қауіпсіздікті сақтауға және энергия ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

– «Қазақмыс» құрылысын бастаған бу-газ генераторының құны – 65 миллиард теңге көлемінде. Бұл генераторға газ керек, «Талап» газ тарату станциясынан тартылатын құбыр да жобаның бір бөлігі. Жалпы, бұл екі мәселені шешеді, біреуі – қанаттас қос қаланың эколгиялық ахуалы, екіншісі – Екібастұздан алынатын электр қуатына қажеттілікті азайтады. Одан қыста – 150-200МВт, жазда 70-80 МВт электр қуаты алынады. Осы және екі қаланың ортасындағы жел мен күн генераторы электр қуатына зәрулікті 2-3 жылда толық жабады деген жоспар бар, – дейді қуанышқа ортақтасқан ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаты, жерлесіміз Ерболат Сатыбалдин.

Әлібек ӘБДІРАШ.

 

Бөлісу28Твитерге18
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Шолпан шапағы

Шолпан шапағы

13.06.2025
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
«Комсомол»  колхозы

«Комсомол» колхозы

28.03.2025
Ұлытау облысы шағын және орта бизнесті дамытуда көшбасшылық позициясын нығайтты

Ұлытау облысы шағын және орта бизнесті дамытуда көшбасшылық позициясын нығайтты

18.06.2025
Елімізде қайтарылған активтер қаражаты есебінен 318 млрд теңгеге 400-ден астам әлеуметтік нысан салынуда

Елімізде қайтарылған активтер қаражаты есебінен 318 млрд теңгеге 400-ден астам әлеуметтік нысан салынуда

18.06.2025
Ұлытау облысының ветеринария саласында ауқымды жұмыстар жүруде

Ұлытау облысының ветеринария саласында ауқымды жұмыстар жүруде

18.06.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру