Сәрсенбі, 16 Шілде , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Жаңалықтар

«Жаз жайнатып, күн күлдіріп, біз лагерьге барамыз»

05.07.2024
- Жаңалықтар
0
«Жаз жайнатып, күн күлдіріп, біз лагерьге барамыз»
122
БӨЛІСТІ
340
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

«Жаз жайнатып, күн күлдіріп, біз лагерьге барамыз», – деп оқу жылы аяқталысымен мектеп оқушылары жазғы лагерьлерге баруға асығады. Жайраңдаған жаздың қуаныш пен шаттыққа толы ұмытылмас естеліктері балалардың осындай жазғы демалыс лагерінен бастау алары сөзсіз. Осыған орай, өңіріміздің барлық мектептерінде жазғы сауықтыру-демалыс лагерmлері жұмыс істеп жатыр. Олардың әрқайсында 20-30 баладан демалып, уақыттарын қызықты өткізуде. Солардың қатарында көп балалы және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасы балалары да бар. «Жауқазын» қосымшасының бүгінгі нөмірі осы жазғы демалыс лагерьлерінің қызығына арналады.

 

«Арман Далада» демалып Кайтты

«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Келемұлының тікелей тапсырмасымен 2022 жылдың қаңтар айында құрылды. Екі жылда еліміздің барлық өңірлерінде денсаулық сақтау, әлеуметтік қолдау, білім беру және спорт салаларында 91 млрд. теңге көлемінде 80-нен астам қайырымдылық бағдарламалар мен жобаларды іске асырды.

Сондай-ақ оқыңыз

Жыл басынан бері Қазақстан экономикасы 6,2%-ға өсті

Жыл басынан бері Қазақстан экономикасы 6,2%-ға өсті

15.07.2025
Президенттің ел экономикасын дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау: Үкімет жарты жылда ЖІӨ-нің 6,2% өсімін қамтамасыз етті

Президенттің ел экономикасын дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау: Үкімет жарты жылда ЖІӨ-нің 6,2% өсімін қамтамасыз етті

15.07.2025

Бұл жобалардың ішінде «Жаздық жолдама» жобасы да ерекше орын алып отыр. Былтыр «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қаржылық қолдауымен 19754 оқушы толыққанды жаздық демалысқа қол жеткізіп, жаңа эмоцияларға бөленіп, білімге, тәжірибеге, дамушы ойындар мен саяхаттарға қол жеткізіп, жаңа достарға да ие болды.

Аталмыш қол оқу-ағарту министрлігі, жергілікті әкімдіктердің қолдауымен биыл да маусым айынан бастап 5-8-сыныптардың 20 мың оқушысын жаздық демалыс лагерьлеріне жіберуді жоспарлаған еді.

Бұл қайырымдылық жобасы оқуда үздік көрсеткіштерге ие болған (үлгерімі және пәндік олимпиадаларға, пікірталастарға қатысуы) және мектептің қоғамдық өміріне белсенді қатысатын орта сынып оқушыларын қолдауға және ынталандыруға бағытталған.

«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры «QH Жаздық жолдама-2024» қайырымдылық жобасы бойынша Қаражал қаласының № 6 жалпы білім беретін мектебінің 30 оқушысы Алматы қаласындағы «Арман Дала» лагерінде демалып қайтты.

 

Жұмағали САИН

ЛАГЕРЬ ЖЫРЫ

(Әні бар)

Жаз жайнатып, күн күлдіріп,

Біз лагерьге барамыз.

Асыл жібек гүл үстінде,

Аунап ойнақ саламыз.

 

Жалындасын жас жігерлер,

Бойда қайнап – күш-қуат,

Біздің заман сонша қызық,

Біздің тұрмыс рахат.

 

Барабанның ашық даусы,

Қаттырақ шық, саңқылда!

Ей, алдағы жас командир,

Бас маршқа жарқылда!

 

Думан сауық, ән, күйменен,

Біз лагерьге барамыз.

Асыл жібек гүл үстінде,

Аунап ойнақ саламыз.

 

Күміс сулы, таза ауамен,

Дем аламыз, қайтамыз,

Бар дауыспен әнге салып,

Лагерь жырын айтамыз.

 

 

Бөлісу49Твитерге31
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Дулығалы мешіті

Дулығалы мешіті

27.01.2023
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
Жыл басынан бері Қазақстан экономикасы 6,2%-ға өсті

Жыл басынан бері Қазақстан экономикасы 6,2%-ға өсті

15.07.2025
Президенттің ел экономикасын дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау: Үкімет жарты жылда ЖІӨ-нің 6,2% өсімін қамтамасыз етті

Президенттің ел экономикасын дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау: Үкімет жарты жылда ЖІӨ-нің 6,2% өсімін қамтамасыз етті

15.07.2025
Нысандарда болды, тапсырма берді

Нысандарда болды, тапсырма берді

11.07.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру