«Ұлтжанды ұландарым, Сәтбаевтың жеті қат үшбұрыштарын, Тәуелсіздіктің өткел тұстарына қолданып, «қарауылдау векторларын» ешқашан ұмытпаңдаршы!»
Бабалардың Ұлытау бөктерінде елдікке, бірлікке шақырған бәтуалы шешімдерін Ж. Ерман: «Ұлытауым, Ұлығым, Ұлтым менің, Ұран ілер басына бұлт ілмегін» деген сөздермен өрнектеп, суреттепті. Әділетті Қазақстан құруға ұмтылыс жасау – баршаға парыз әрі міндет. ҰлтұясындағыекіншіретқұрылғанҰлытауоблысынасәттіліктілейотырып, сәттіліктерім мен өкініштерімдіескеалыпотырмын. Сәттіліктер мен өкініштер – көпфакторларғабайланысты. Ол факторлардың негізгісі – еңбексүйгіштік, қанағатшылдық, сенім, үміттену, жауапсыздық, жемқорлық, қызғаныш, дер кезіндешешімқабылдамау, алаяқтық, дәрменсіздік.
– «Болашағымыз – коммунизм» идеясына сеніп, КСРО-ның тарағанын сезбеген «бейбақ ұрпақпыз»…Пенденің сәтті істері де, өкініші де көп. Бейбақ пенденің бірі – өзімнің қызметтегісәтті істерім және өкініштерім бір басыма жетерлік. Үзіліссіз 53 жылдық ғылыми-педагогикалық өтілім сәттіліктерге толы болды. Дәлірекайтсам, мақтанарлықтай марапаттарым болмаса да, ұстаздық қызметімдегі әрбір күнім сәтті өтіпті. Бәрін тізбелеу мүмкін емес. Жұмыстан бір минут кешігу болмады, ескерту алмадым. Алғыстар мен сәл ғана мадақтауларды қанағат тұттық.
Қарсақбайдағы № 1 Жамбыл атындағы күндізгі оқыту және кешкі жұмысшы жастар орта мектептерінде алты оқу жылын (1965-1970) жігерге толы құлшыныспен өткіздім. Математика, физика, электротехника негіздерін үйренуге шәкірттерімнің ынталы болуы – ісімнің сәттілігі. Бес жылдық сәтті еңбегімнің нәтижесі 1970 жылы Свердловск қаласында өткен Бүкілодақтық физика олимпиадасында Қарағанды облысының командасына жетекшілік жасап, Социалистік Еңбек Ері, ҰОС-ның ардагері, академик Н. Я. Кикоиннің ілтипатымен КСРО Ғылым Академиясының Сібір Бөлімінің және Қарағанды облыстық оқу басқармасының Құрмет грамоталарымен марапатталуым мені ғылыми ізденіске жетеледі.
***
Жезді аудандық оқу бөлімінің Әдістемелік бөлмесі меңгерушісі қызметі (1.07.1970 – 22.10.1973) және Жезді кенті мектептерінде ұстаздық жасадым. Озық педагогикалық тәжірибелерді қолдану шеберлігінен аудан ұстаздары жоғары көрсеткіштерді иеленді. Педагогикалық оқулар қорытындысында Қарағанды облыстық оқу басқармасының; Мұғалімдер білімін жетілдіру институтының; Ағарту қызметкерлері кәсіподағының Құрмет грамотасымен (наурыз 1973 ж.; Жезді ҚКП аудандық комитетінің Құрмет грамотасымен (05.05.1973 ж.) марапатталуым Жезді кентіндегі қызметімнің сәттілігі.
***
Академик Ө. А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің (22.10.1973 – 10.12.2019) іргетасын қаластым. Облыс отау құрған 1973 жылы ҚарПТИ-дің Жезқазғандағы шағын бөлімшесі 150 студентті күндізгі бөлімге, 300 студентті кешкі бөлімге қабылдап, ҚарПТИ-дің жалпытехникалық факультеті ҚарПТИ ЖТФ-і деп аталды. Жаңа құрылымды ҚарПТИ-дің Жезқазғандағы ЖТФ-іне оқытушы профессорларға сұраныс тарартуынан конкурстық негізде жоғары математика пәнінің ассисенті қызметіне ауыстым. Болашақтағы ЖезУ-дің құрылымдары дами түсті. Өндірістен қол үзбей, ғылыми ізденіп, 1983 жылы педагогика ғылымдарының кандидаты дәрежесін иеленуім – сәттілік. Сәттіліктің жалғасы жоғары математика кафедрасының меңгерушісі (1984 – 2001 жж.), доценті (1990), профессоры (2001), Жаратылыстану институтының директоры (2000 – 2005), Ұлытау ғылыми орталығының директоры (2005 – 2007) қызметтерін рет-ретімен атқаруға жол ашты десем де, қосымша еңбек ақысыз атқарған көптеген істерімнің жойылғанына өкініштімін…
№ 1 Қарсақбай мектебі оқушыларының (1966 – 1967 жж.) еңбегімен жабдықтаған физика бөлмесінің сақталмауы өкінішті. Бұл бөлмеде парталарға әртүрлі кернеулі қуат көзінің тартылуы; оның өте үлкен жеті терезесін электромеханикалық қозғалтқышпен бір сәтте ашып-жабу тетігінің жасалуы дыбыстық, экрандық қондырғылардың оқу ісіне толыққанды қолданылуына жолашты. Яғни, ЖОО зертханаларында көрсетілетін күрделіэ ксперименттер жасалды.
Мысалы, белгілі уақытта бөлме терезесінен өтетін космостық сәулелер порциясын санайтын гейгердің трубкасын кинопроектордың дыбысына орай тұқышына жалғап, тықылдаған дыбысын оқушыларыма естірткенім – сәттілік.
Тәжірибелік эксперименттер үшін әмбебап жабдықтаған осы бөлмемізге аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі Құрман Шамбұлов мектептер басшылары мен ұстаздарын шақырып, семинар өткізгеннен кейін басқа мектептерде әмбебап бөлмелер жабдықтала бастаған. Жастық күш-жігерімнің куәсіндей 56 жыл бұрынғы әмбебап бөлменің де, Ұлы Қаныш Сәтбаевты ңізі мен назары түскен № 1 мектеп үйінің де сақталмағаны – өкінішті.
***
Келесі өкінішім:Алашардағы Ә. Ә. Ермеков жайлы деректерді зерттеп, оған арналған тәжірибелік конференцияны республикада тұңғыш рет өткізу әзірлігі Жезқазған тау-кен технологиялық институтындағы (ЖТКТИ) мен басқарған ЖМ кафедрасының (1990 – 1992) ұжымына, яғни, маған міндеттелді. Алашардағы болса да, Әлімхан Ермековтің математикалық және ағарту ісі туралы еңбектерін көпшіліктің білмейтін уақыты. Жауапкершілігі мол, «Нақтылы дерегі аз» іс зерттеу мен тынымсыз ізденісті қажет етті. Әлімханның ұлы Мағауия (геол. мин.д., проф. Сол кездежасы 70-терде) Ермековкежиі-жиібарып, оны конференцияның Құрметті қонағы ретінде қабылдадық. Естігендерімнен, жиғандарымнан Ермеков жайлы мақалалар жарияладым. Жауапты іске көмек көрсеткен Қ. Сәдуақасов, Қ. Мәкенбаев ақсақалдарға алғысым шексіз! Математика оқулықтарын жазған қазақтың тұңғыш профессоры Ермековтің атындағы ЖМ кафедрасы деп атауды ЖТКТИ ғылыми кеңесінің назарына ұсынып, мақұлдаттым. (Академик Ө. А. Байқоңыров атындағы ЖезУ-дің құрылмаған кезі). Өлшемсіз ізденіс ұйымдастыру жұмыстары нәтижесінде профессор Ә. Ә. Ермековке арналған республикалық тұңғыш конференция ЖТКТИ-де сәттіөтті. Полиграфиялық ғылыми символикалық мүмкіндігі толық болмаса да, конференцияның тезистер жинағы Жезқазғанда шығарылды. ЖТКТИ-де ЖМ – «Профессор Ә. Ә. Ермеков атындағы ЖМ кафедрасы» деп аталып, бөлме жасақталды. Аймақтың оқушылары, мұғалімдері кафедрадан Ә. Ермеков туралы материалдарды сұраныспен жиі алып тұрды. Бүгінде осындай істерден із қалмағанына өкінемін.
***
Келесі өкінішім: Жетіқат жер асты жиһаздарын зерттеуде жас инженер Қ. Сәтбаевтың жетіқат жер қыртысының қойнауын «виртуалды» сызықтармен топшылап, геометриялық пішіндер қасиеттерімен барлау жұмысын екі есе жеңілдетіп, барлық параметрлер бойынша екі есе үнемділікке жеткен. Осы «Математикалық аппаратпен дәлелдеу» әдісін «Сәтбаев үшбұрыштары деу керек» атты мақаламның көптеген конференциялардың материалдары жинақтарына және ғылыми журналдарда, «Егемен Қазақстан» газетінде жарық көруі баға жетпес сәттілік. Себебі, «Сәтбаев үшбұрыштары» аталымы ғылыми еңбектерде жазылмаған. Сәтбаевтың өзі және әріптестері «Сәтбаев үшбұрыштары» деп атамаған.
***
ӨКІНІШІМ: Басылымдардағы осы соны, бағалы ұсыныстарымның ескерілмеуі. Ешкімнің мән бермеуі. Нақтырақ айтқанда:
- Математика оқулығының бірінің мұқабасынан «Сәтбаев үшбұрыштарына» орын бөлініп, сәл түсінік жазылмағаны.
- Мұражайларға «Сәтбаев үшбұрыштарының» сызбасы немесе макетінің қойылмағаны.
Рас, қазіргі ғарыштық, электрондық дәуірде «Сәтбаев үшбұрыштары» заманауи емес. Әйткенмен, оның сол уақыттағы қарапайым схемалары ғылыми-практикалық ірі жаңалық!
Бұл пішіндердің дайын тұрған кең масштабты дидактикалық оқу және оқыту материалы екенін мойындауымыз керек. Бұл тарихты шәкірттер, ұрпақтар білу қажет. «Сәтбаев – Кеңестік Шығыстың тұңғыш академигі», «Мундирсіз тыл генералы» (осындай тақырыппен 2015 жылғы 15 сәуірде «Сарыарқа» газетіне мақалам жарияланған) екенін терең ұғынып, түсінулері керек. Сондықтан «Сәтбаев үшбұрыштары» болашақ ұлт ұрандарына ұдайы насихатталуы абзал.
***
«Ұлт ұландары» санатындағы оқушыларым мен шәкірттерімнің саны шамадан тыс көп. Шәкірттерім – менен он-он бес жасүлкендер не аталар мен әжелержәне он-он бес жас кіші балаларымның қатары немесе құрдастар. «Ұлт ұландары» деп мақтанарлық шәкірттерім – әр саланың инженерлері, ұстаздар, дәрігерлер, қаржыгерлер, мемлекет, қоғам қайраткерлері, кәсіпкерлер, құқық, заңқызметкерлері, ғалымдар. Солардың бірі – «Айтыс королі» Ж. Ерманды (Молдашевті) кластан, мектептен (9-сыныпта) шығарып жібердім. Ол қайты поралмады. Ұзақ жыл көрмедім. «Қиянат жасадым ба?» деп, 15 жылөкіндім. Қазір сол өкінішімді керісінше сәттілікке балаймын. (Ж. Ерман жайлы «Мерейлі ұстаз» газетіне 2015 жылы табиғи педагогикалық эксперимент мысалы ретінде жан-жақты талдап жарияладым). Жүрсін осыған лайықты, Қазақстанға мәлім. Мені ешкім танымайды. Өкініштер мен сәттіліктер байланысын дамыған цифрландыру мен жетілген ақпараттар технологиялары жүйелей түседі. Жорамалым, бастауыш сынып математика оқулықтарының біріндегі тарихи естелікпен сабақтасады:
1934 жылы жарыққа шыққан Я. И. Перельманның «Занимательная арифметика» кітабының арасынан табылған парақ қағаздағы белгісіз математик жас жігіттің өмірбаяндық қолжазбасы төмендегіше: «Мен университетті туған күнімнен бастап санағанда 44 жасымда бітіріппін. Содан тұп-тура бір жыл өтісімен, жап-жас жігіт кезімде, яғни, 100 жасымда 34 жастағықызғаүйленіппін. Біздердің жас айырмашылығымы зөте аз, яғни, 11-ақ жас болуы – ортақ мақсатпен, қызықты салауатты өмір сүруімізге себеп болды. Біраз жылдар өткенде үлкен отбасымда 10 бала тәрбиеленді. Күнкөрісімізге жетер-жетпес айлық қаражатымыз (жалақымыз) 200 сом ғана. Осы табыстың оннан бір үлесін қарындасыма беріп тұруға мәжбүр болып, бала-шағамыз, зайыбым, барлығымыз 130 сомға күнкөріс жасадық» деп аяқталған, астарлы цифрлармен өрнектелген өмірбаяндағы «фантастикалықсандар» құпиясын «бестік жүйеден», «ондық жүйеге» көшу арқылы тезірек ұғынып, яғни (44 емес 24, 200 емес 50, 100 емес 25, 130 емес 40, 10 емес 5, 34 емес 19, жұбайлар жас айырымы 6 жыл екенін) жылдама жыратып, сәттіліктерім мен өкініштерімді бағамдаған «Ұлт ұландары» шәкірттерімнің немесе олардың замандастарының ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАНДЫ көркейтуге үлес қосарына сенімдімін.
Өміртай ЖӘЛЕЛҰЛЫ,
зейнеткер, Қазақстанның Педагогикалық ғылымдар академиясының мүше-корреспонденті, Жезқазған қаласының Құрметті азаматы.