Сәрсенбі, 8 Шілде , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Жаңалықтар

Қазақмыста басшылықтың бригадирлермен тұрақты кездесуі қайта жанданды

18.06.2026
- Жаңалықтар
0
Қазақмыста басшылықтың бригадирлермен тұрақты кездесуі қайта жанданды
70
БӨЛІСТІ
195
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы Мұқан Үңгітбаевтың өндірістік учаске бригадирлерімен алғашқы жұмыс кездесуі Шығыс Жезқазған және Оңтүстік Жезқазған кеніштерінде өтті.
Өзара іс-қимылдың жаңа форматы компания басшылығы мен өндірістік ұжым арасындағы тікелей диалогты дамытуға, өндіріс орындарында туындайтын мәселелерді жедел қарауға бағытталған, сондай-ақ еңбек жағдайын жақсарту және өндірістік үдерісті ұйымдастыру бойынша нақты шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
Кездесу барысында кеніштердің техникалық жабдықталуы, қосалқы бөлшектер мен материалдардың қолжетімділігі, жабдықтарды жөндеу жұмысы, өндірістік учаскелердің қызметін ұйымдастыру мәселелері, сондай-ақ кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыруға қатысты жұмыскерлердің ұсыныстары талқыланды.
Шығыс Жезқазған кенішінде қабылданған негізгі шешімнің бірі – жүктелімді жабу құзыретін бригадирлерге бекіту болды. Сондай-ақ жұмыскерлерге өндірістік техниканы жаңарту жоспары таныстырылды. Жыл соңына дейін кәсіпорынға төрт жаңа Monomatic және Solo бұрғылау қондырғылары жеткізіледі. Алдағы уақытта жаңа өздігінен жүретін көтергіш платформаны сатып алу және жерасты жолаушылар көлігін жаңарту жоспарланып отыр.


Жабдыққа техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмысының жеделдігін арттыру мәселесіне ерекше назар аударылды. Өндірістік бөлімшелердің жұмысын нығайту мақсатында қосымша бейінді мамандарды тарту мүмкіндігі қарастырылуда.
Оңтүстік Жезқазған кенішінде тау-кен-шахталық техниканы жаңарту, жерасты жабдығын жөндеу және өндірістік учаскелерді қажетті қосалқы бөлшектермен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Жұмыскерлер тарапынан айтылған бірқатар ұсыныс кәсіпорынның келесі жылға арналған техникалық қайта жарақтандыру жоспарына енгізілді.

 


Кездесуге қатысушылар өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселесіне ерекше назар аударды. Атап айтқанда, тау-кен қазбаларының желдетілуін жақсарту, жабдықты жаңғырту және жерасты қабатын желдету жүйесін жетілдіруге бағытталған шаралар қаралды.
Мұқан Үңгітбаев атап өткендей, бригадирлермен тұрақты кездесу өткізу өндірістік ұжымнан тікелей, объективті ақпарат алуға және туындайтын мәселеге жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.
«Бригадирлер күн сайын адамдармен бірге жұмыс істейді, учаскелердің нақты қажеттілігін басқалардан жақсы біледі. Біздің міндетіміз ұсыныстарды ескеріп, барынша жедел шешім қабылдау», — деді ол.

 


Компанияда осындай кездесу сериялары «Батыс Жезқазған», «Жыланды» және «Жомарт» кеніштерінде де жалғасатыны атап өтілді. Мұндай форматтағы өзара іс-қимыл тұрақты тәжірибеге айналып, басшылық пен өндірістік ұжым арасындағы кері байланыстың тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

Бөлісу28Твитерге18

Көп қаралған

  • Тіл жанашырлары мараптталды 

    Тіл жанашырлары мараптталды 

    103 бөлісті
    Бөлісу 41 Твитерге 26
  • Ширек ғасырлық мерейтой

    82 бөлісті
    Бөлісу 33 Твитерге 21
  • Шахтадағы еңбек жағдайымен танысты

    81 бөлісті
    Бөлісу 32 Твитерге 20
  • «Доңғалақ» па,«дөңгелек» пе?

    533 бөлісті
    Бөлісу 213 Твитерге 133
  • Орнықты орынбасар

    91 бөлісті
    Бөлісу 36 Твитерге 23
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру