Сәрсенбі, 8 Шілде , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Жаңалықтар

Қазақмыс кәсіпорындардың әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылымын жаңғыртуға 2,4 млрд теңге бағыттады

07.07.2026
- Жаңалықтар
0
Қазақмыс кәсіпорындардың әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылымын жаңғыртуға 2,4 млрд теңге бағыттады
67
БӨЛІСТІ
187
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

«Қазақмыс» корпорациясы өндірістік нысандардың әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталған ауқымды бағдарламаны іске асыруға кірісті. Әкімшілік-тұрмыстық корпустарды, медициналық пункттерді, жатақханаларды, асханаларды, жуынатын бөлмелерді, зертханалар мен өзге де нысандарды күрделі және ағымдағы жөндеуге 2,44 млрд теңге бөлінді. Бағдарлама компанияның жұмыскерлер үшін заманауи, қауіпсіз әрі жайлы еңбек жағдайын қалыптастыруға бағытталған жүйелі жұмысының бір бөлігі болып табылады.
Бағдарлама Жезқазған, Балқаш, Қарағанды және Шатыркөл өндірістік кешендерін қамтиды. Жалпы алғанда, кәсіпорын жұмыскерлері күн сайын пайдаланатын 80-нен астам нысанды жаңарту көзделген.
Қазіргі уақытта кәсіпорындарда бағдарламаның дайындық кезеңі аяқталуда. Бұл кезең мердігер ұйымдарды жұмылдыруды, құрылыс материалдарын жеткізу мен нысандарды монтаждау жұмысына дайындауды қамтиды.
Q.I. Satbayev atyndagy Jezqazgan Tau-ken óndirisi кешенінде 38 нысанды жаңарту жоспарланған. Қазіргі таңда Жезқазған байыту фабрикасының медициналық пункті мен МЭЖБ-ның әкімшілік-тұрмыстық корпусында жөндеу жұмысы басталды. Ал қалған нысандарда жөндеуді бастауға дайындық аяқталуға жақын.
Balkhash Tau-ken óndirisi өндірістік кешенінде жөндеу жұмысы әлеуметтік инфрақұрылым нысандарында, оның ішінде, МЖМБ-ның әкімшілік-тұрмыстық корпусында және Саяқ кенішінің асханасында жүзеге асырылады.
Nurqazgan Tau-ken óndirisi алаңында Нұрқазған кенішінің әкімшілік-тұрмыстық корпусына жөндеу жұмысы жүргізілуде.
Qaragayly Tau-ken óndirisi өндірістік кешенінде бағдарламаның дайындық кезеңі жүзеге асырылуда. Оның аясында Абыз және Қажықонған кеніштерінде, сондай-ақ Қарағайлы байыту фабрикасында жөндеу жұмысын бастауға дайындық жүріп жатыр.
Shatyrkol-Jaysan Tau-ken óndirisi өндірістік алаңында мамандар мен қажетті ресурстар жұмылдырылуда. Бұл алдағы уақытта жоспарланған жөндеуді бастауға мүмкіндік береді.
Бағдарлама бекітілген кестеге сәйкес жүзеге асырылып жатыр. Дайындық кезеңі аяқталған соң барлық көзделген нысандарда жөндеу жұмысы кезең-кезеңімен басталады.
Әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылымды дамыту Қазақмыстың басым бағыттарының бірі болып қала береді. Компания жайлы тұрмыстық орта өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етудің, қызметкерлердің денсаулығын сақтаудың және жұмысшы мамандықтарының тартымдылығын арттырудың маңызды факторы ретінде жұмыскерлер үшін заманауи еңбек жағдайын қалыптастыруға тұрақты түрде инвестиция салып келеді.

Бөлісу27Твитерге17

Көп қаралған

  • Тіл жанашырлары мараптталды 

    Тіл жанашырлары мараптталды 

    103 бөлісті
    Бөлісу 41 Твитерге 26
  • Ширек ғасырлық мерейтой

    82 бөлісті
    Бөлісу 33 Твитерге 21
  • Шахтадағы еңбек жағдайымен танысты

    81 бөлісті
    Бөлісу 32 Твитерге 20
  • «Доңғалақ» па,«дөңгелек» пе?

    533 бөлісті
    Бөлісу 213 Твитерге 133
  • Орнықты орынбасар

    91 бөлісті
    Бөлісу 36 Твитерге 23
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру