Бұл ХХ ғасырдағы тоқсаныншы жылдардың бас кез і болатын.
Елімізде бұрын-соңды болмаған жекешелендіру науқаны қызу жүріп жатты.
Жезкент қаласында бір жігіт келіншегі мен оның көңілдесін өз үйінде қызғанышпен өлтіргендігін жұрт сан-саққа жүгіртті.
Есік қоңырауы соғылған сәтте Сәуле сел кете қалды. Жайшылықта ілуде біреу болмаса пәтеріне ешкім келе қоймайтын. Таңсық дыбысқашошыпкеткенісодан. Бұл кім екен? Осы жаңа үйге кіргелі екі-үш жыл өте шығыпты. Таныстарының көбі Сәуленің бұл жаңа қонысын біле бермейтін. Әлде қателескен біреуме екен? Сөйткенше қоңырау екінші рет соғылды. Есікке таяп келіп тұрған Сәуле:
– Кім бұл? – деп тілқатқан.
– Сәуле, мен ғой… – дегенді анық естіді. Ер адамның таныс дауысы. Сондай жағымды үн құлағына жеткенде қуанып кетті ме, қалай… Біртүрлі әсер бойына жайылғандай… Тездете есік ашты. Иә, Дәулеттің өзі. Күлімдеген сүйкімді жүзі.
Сәуле жаңа бір әзірдегі әсерден әлі арылмаған. Аузына да сөзтүсеремес. Келіп тұрған қонаққа кір деуге де шама жоқ. Ішке кіргенін қалап-ақ тұр. Сәулені тығырықтан Дәулет шығарды. Ол өзімсіне табалдырық аттаған. Сөйлей кірді:
– Сәуле, тал түсте ұйықтап жатқаннан саумысың? Әлі ұйқыңды аша алмай тұрғандайсың…
Есікті жаба кірген Дәулет қыздың алаулап тұрған бетінен өпті. Өзімсіне! Сәуле де осы бір екеу ара жылылықты қалап тұрғандай. Оның күлімқаққан көзінен жігіт соны ұққан. Қызда әлі үн жоқ.
Сәуленің пәтері – бір бөлмелі. Онда қомақты жиналмалы диван мен телевизордан басқа киім шкафы бар. Қыз ол жаққа емес, ас бөлмеге қарай беттеді. Шайнегі қайнап жатыр еді. Оны тоқтан ажыратпақ. Жігіт те қыз соңына ілесті.
– Отырыңыз… Шайға дәл келдіңіз… – деген қыз жылы шырай танытып.
Жігіт еркінси түсті. Ашық-жарқын сөйлеп отыр. Бейне жақын, сыйлас адамдай. «Жақын» дегенде… Дәлірек айтқанда, көршілер. Одақ кезінде ең соңғы салынған, «транспортшылар үйі» атанған бұл бес қабатты қоныстың бір сатысында тұрып жатыр. Әр қабатында үш пәтерден. Сәуленің осы отырған пәтері үшінші қабатта ортадағысы. Дәулеттердің үш бөлмелі пәтері екінші қабаттың оң жақтағысы. Оның келіншегі Дариғамен қалалық жолаушылар автопаркінің бухгалтериясында бірге қызметтес болғаннан таныс-біліс. Осы сатыдағы үшінші қазақ отбасы – төртінші қабаттың оң жағында тұратын теміржолшы Қайрат пен Назгүл. Олармен осында кіргеннен жиі араласып, мерекелер мен туған күндерде бас қосатын болған. Әзіл-қалжыңдары жарасып, жиі араласады.
Дәулетпен оңаша отырулары өткен жолы ғана. Онда да сенбі күні болатын. Сәуле демалысын пайдаланып, үй-ішін жуып-тазалап жатқан. Ойда жоқ жерде есік қоңырауы соғылды. Келген Дәулетекен.
– Сәуле, кешір, – десін көрші кіре, – Дариға үйде жоқ болып… Кілтімді алмай кетіп… өз үйіме өзім кіре алмай қалдым…
– Кіріңіз, кіріңіз… – деген Сәуле. Байқайды, Дәулет әжептәуір қызу. Отырыстардың өзінде аздап қана ішуші еді. Мына тұрысы тым тосын. Оның мәнісін аздан кейін-ақ өзі айтты.
Дәулет өзімен бірге жартылай ішілген арағын ала келіпті. Ас бөлмеде отырып, «кешір, Сәуле, кешір» деген сөзді қайта-қайта айтып, «ащы суды» бір-екі реет тартып жіберді де шешілді:
– Кешір, Сәуле… мен жалпы ішпеймін ғой… бүгін ішпесем болар емес… ішім күйіп-жанып барады… Мана Дариғамен… сөзге келіп қалып… қатты ашуланып… шығып кетіп едім… кілтім қалып қойыпты… кешір мені… Сәуле, сен менің әйелімді көптен жақсы білесің ғой… жасырмай айтшы… оның кездесіп жүретін… адамы бар көрінеді… рас па? – деді де жұдырығымен үстелді қойып қалды.
Сәуле қорқып кетті. Дәулетке жаны ашып:
– Дәулет, ішпеңізші енді. Жүріңіз… диванға, – деді.
Дәулет айтқанына көніп, тәлтіректей барып диванға қисайды. «Кешір, Сәуле кешір», – дей береді. Сөйтіп күбірлеп жатып ұйықтап кетсін.
Дәулеттің сол сұрағы есінен кетпей қойсын. Егер ежіктей сұрай берсе, не айтпақ? Әйтеуір ұйықтап қалғаны жақсы болды. Бухгалтериядағы әйелдердің ол туралы айтқанын құлағы шалғаны бар. Қаладағы ірі өндіріс орны – Жезді қорыту комбинатының бір дөкейімен көңілдес көрінеді. Сол жебеушісінің көмегімен бас бухгалтер болыпты. Оның қызмет «Волгасымен» дүкен аралайтын көрінеді…
Сәуле бұл өсекке кезінде мән бермеген. Кейін теріс жүрістерін өзі де байқап қалғаны бар. Таңқалатын. Көрші болғалы көз алдында. Бір қарағанда жарасымды отбасы. Дәулетіқандай! «Күйеуім осындай болса ғой» дерлік-ақ. Өзіне тағдыр осындай бір жанды жолықтырмады ғой! Отыздан асса да сопа басы отырғаны мынау! Біреу бір адамға зар болып жүргенде, Дариғаныкі не «өнер»! Тетелес екі ұлы және бар… Сол балалары қаладан кетіп, ауылда оқып жүр… «Ата-әжемізге қолғанат боламыз, мал жайлаймыз, отын жағып, суын тасимыз» дейтін көрінеді…
Дәулеттің де ауылға барғысы келеді екен. Оны өзі сол күні… жоқ, таңертең шай ішіп отырғанда айтқан:
– Сәуле, мен ауылға барып тұрғым келеді… Бірге барайықшы, ә? – деп өзіне қиыла қараған еді-ау.
… Дәулет сол күні ымырт үйіріле бір-ақ оянған. Ыстық-ыстық шай ішкен соң, мастығынан арылып, қаз қалпына келген.
– Сәуле, кешір… Мені қумашы… Түнеп шығайыншы, – деген Дәулет…
Таңертең бір-біріне жақын адамдай бір үстелдің басында шүйіркелесіп, шай ішіп отырғандарында Сәуле «осым менің түсім бе, өңім бе!» деп ойлаған. Сол жолы ғой Дәулеттің:
– Сәуле, өтінемін, аналардың бірге болар сәтін біле қалсаң, маған айта қойшы. Күнәға батып жүрсе де мойындамайтын оның бетіне түкіріп, көрместей болып кетер едім… – дегені.
… Міне, содан кейінгі бір үстелдің басында екеуі ғана шай ішіп отырғандары екінші рет. Арада бір апта өткеннен кейін көріп отырғаны осы.
– Сәуле, ертеңгі туған күніңде мен бола алмаймын. Бір сөтке жұмыста боламын ғой. Саған арнаған сыйлығымды алып қойғанмын, – деді ол. Өзіне деген ілтипатын сезгенде бойын қуаныш кернеді.
Оның болмайтынын Дариғадан естіген:
– Сенің туған күніңеТемірлан келмекші, – деген сөз астарын ұқтырып ол.
Сәуле оның не айтып отырғанын жақсы түсінген. Темірланды автопарктен біледі. Ол директордың орынбасары болған. Бас бухгалтер Дариға екеуі бүкіл техниканы жекешелендіруге бел шеше кірісіп, қомақты олжаға кенелгенінің шет жағасын біледі. Баяғы кеңес заманында «таксист Темірлан» атанып, қала тұрғындарына танылған ол жылпостығымен тасы төрге өрледі. Жекешелендірудің арқасында қалааралық жолаушылар тасымалдайтын фирмаға ие болған. Сәуленің бір аңғарғаны, Дариға сондай қалталы жігіттерге жұғыса кетеді.
«Дәулетке қалай айтсам екен? Мен ғой бірауыз сөз айтуға бата алмай отырмын. Ал Дариға болса, ашықтан ашық әрекет жасап жүрген не деген жүрек жұтқан! Дәулет өзі өтінді ғой, олардың бірге болар сәтін айтуымды. Біліп тұрып, қалай айтпайын! Жоқ, айтуым керек! Сәуле осы ойға бекіген.
– Олар менің туған күніме бірге келмекші… – деді Сәуле.
Дәулет Сәулеге аса ризашылықпен қарады.
Сәуледе маза жоқ. «Шынымен оны ертіп келерме екен ұялмай?! Дәулет олардың «ұрлығының» үстінен түсемін деп жүргенде бірдеңеге ұрынып қалмас па екен?! Соны бекер айттым-ау…».
Күткендей-ақ, кешке екеуі кіріп келді. Дәулеттің пәтерінің дәл үстіндегі төртінші қабаттағы көрші ерлі-зайыптылар олардан бұрын келген. Қайрат қолындағы рациясымен жұмыстағыларымен дабырласа сөйлесе сала, «Сәуле кешір, жүк вагоны аударылып қалыпты. Мені жұмысқа шақырып жатыр. Мен кеттім!» – деп апыл-ғұпыл шығып ол жөнелді.
Сәуле бекер мазасызданбапты. Өзінің туған күні түнінде дәл осындай жантүршігерлік оқиға болғанын ойлағанда жанын қоярға жер тапсайшы!
Қонақтарын шығарып салып, ыдыс-аяқтарын жуып, сипақтап жүріп алған. Ойынан Дәулет кетер емес. Ол болса жұмыста. Ал анна екеу оңаша мәз…
Жатқаны сол тәрізді еді, айқайшудан оянып кетті. Жаздың таңы ерте атады ғой, терезеден түскен жарық күндізгідей. Сәуле сатыға шыққан. Көршілер Дәулеттің есігінің алдына жиналып қалыпты. Ұққаны: ол пәтерден төмендегі көршісіне су кетіпті. Қанша ұрғыласа да есікті ешкім ашпай қойған.
Шахмұрат ИБАДАТҰЛЫ
Жалғасы бар