Бейсенбі, 15 Мамыр , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Көкейкесті

Патриотизм мен популизм

30.09.2022
- Көкейкесті
0
Патриотизм мен популизм
69
БӨЛІСТІ
193
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Осынының тақырыбын «Отансүйгіштік» немесе «Беделқұмарлық» деп бергім келген. Бірақ, «изм» қосылмаса, иі қанбайтындай көрінді. Иі қанбаса орысша ойлап, қазақша қағазға түсіретін туысқанның түсінуі қиындайды.  Айтайын дегенім, біз осы екеуінің ара жігін ажырата аламыз ба? Кейде «Отан!» деп көп өзеуреген кейбіреу, артынан арзан беделдің құлы болып шығады. Себебі, сөзі мен ісі үйлеспейді…

Былай қарасақ, отансүйгіштіктің қарапайым қағидасы кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталатынын бәріміз де бір адамдай білетін сияқтымыз.

Әлеуметтік желіден оқыған мына бір оқиға қолыма еріксіз қалам ұстатты.  

Қысқа қайырсам, оқиға кейіпкері шағылы сағымға шомылған шөл далаға бірінші бамбук отырғызғанда, тайпаласының тайлы-тұяғы қалмай кезінде келемеждеп күліпті. Отыз жеті жылдан кейін оның есімі әлемге әйгілі болады. Қалай?

Сондай-ақ оқыңыз

Қымызың қайда, қазақ?..

Қымызың қайда, қазақ?..

04.04.2025
Су қоймасының жағдайы тұрақты бақылауда

Су қоймасының жағдайы тұрақты бақылауда

04.04.2025

Жер бетінде тұрмысқа өте қолайсыз «өлі аймақ» көп кездеседі. Соның бір себебі – қатты қуаңшылық. Көп жағдайда ондай өңірге қолды бір сілтеп, табиғатты тағдыр тәлкегіне тастайды. Алайда, ерік-жігері мықты адамның қолынан келмейтіні жоқ екен.

Джадав Пайенг Үндістанның Джорхат қаласы төңірегінде тұрды. Ол аймақта өсімдік онша өспейтін, жан-жануар өте сирек кездесетін. Өйткені, қатты қуаңшылықтың қыспағында қалған. Джадав жасы он алтыға толғанда жергілікті билікке барып, әлгі аймақты көгалдандыру мәселесін көтереді.

Қала басшылығынан қолдау көрмеген жасөспірім ойын тайпаның ақсақалдар алқасына айтады. Олар да оның тірлігіне онша сене қоймайды, сонда да көңілін қимай қолына жиырма бамбук көшетін ұстатады. Ол оны шөл даланың қақ ортасына отырғызады.

Көшет қадауды кейін де жалғастырады. Бірнеше жылда тұтас орман белдеуі пайда болады. Қазір Джадав отырғызған орманның аумағы 6 шаршы шақырымға жеткен көрінеді. Ондағы жан-жануар арасынан бенгаль жолбарысы, үнді мүйізтұмсығы, бұғы, қоян, маймыл, қаптаған құс кездеседі.

Жылда алты айға мұнда піл табыны келеді. Кейінгі кезде он шақты піл осы жақта туады. Бұндай байлық браконерь біткенді бей-жай қалдырмасы белгілі. Бірақ, жергілікті билікпен білек біріктірген Джадав Пайенг құныққан күшке тиісті тойтарыс береді.

Бастапқыда піл табыны орманға жеткенше жолай күріш алқабын жайпап кетеді екен. Бұған шамырқанған шаруалар орманды отап тастамақ болған. Бірақ, бірте-бірте жалаңаш жазықтан жасыл желекті орман алқабы әлдеқайда пайдалы екенін бәрі түсінді.

Жергілікті «жарымес» қандай жақсылықтың жаршысы болғанын жұртшылық толық түсінгенше, әрине, талай жыл өтті. Джадав Пайенг Үндістанның азаматтық марапатын иеленді, елінің Қаһарманы атанды. Өлімсіреген өңірді нағыз тропикалық қорыққа айналдырған Джадав отбасымен ормандағы жұпыны үйде тұрады. «Әлемнің бас орманшысы» енді бос жатқан басқа жер телімін көгалдандыруды көздеп отыр.

Енді ойланып көрейік: егер әркім үйінің іргесіне жылына бір тал шыбық отырғызса, оны дұрыс күтіп-баптаса, қоршаған орта қалай құлпырар еді? Бәлкім, бұл игі істі биылдан бастармыз?!

Әлібек ӘБДІРАШ.

 

 

Бөлісу28Твитерге17
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
С. Жақыпова Ұлытау облысының әлеуметтік мекемелері мен кәсіпорындарына барды

С. Жақыпова Ұлытау облысының әлеуметтік мекемелері мен кәсіпорындарына барды

15.05.2025
С. Жақыпова Жезқазғанда регрессші кеншілермен кездесті

С. Жақыпова Жезқазғанда регрессші кеншілермен кездесті

15.05.2025
С. Жақыпова Ұлытау облысының әкімі және активімен бірге мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыру барысын талқылады

С. Жақыпова Ұлытау облысының әкімі және активімен бірге мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыру барысын талқылады

15.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру