Сенбі, 15 Тамыз , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет «Қазақмыс» «Қазақмыс»: қолдау

5 млрд теңге. 5 ЖОБА – «Қазақмыстың» биылғы үлесі

11.03.2024
- «Қазақмыс»: қолдау
0
5 млрд теңге. 5 ЖОБА – «Қазақмыстың» биылғы үлесі
94
БӨЛІСТІ
262
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Облыс аумағын абаттандыру үшін биыл 10 жоба іске қосылады. Оған мемлекет қазынасынан – 6 млрд. теңге, «Қазақмыс» корпорациясы тарапынан қосымша 5 млрд. теңгеден астам қаражат көзделіп отыр. Бұл жайында Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлының төрағалығымен өткен аппараттық жиында айтылды.

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Алмаз Жандарбековтің баяндауынша, биыл бюджет қаражаты есебінен – 5, «Қазақмыс» корпорациясымен Меморандум аясында тағы 5 жобаны іске асыру жоспарланған. Соның ішінде корпорацияның күшімен Сәтбаев қаласындағы Кеншілер даңқы алаңына қайта құру жұмыстары жүргізіледі. Жобаның бірінші кезеңін биыл қазанда аяқтау көзделген. Сондай-ақ, Ұлытау селосында Тасбұлақ бұлақ аумағын да «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС меморандумы аясында абаттандырады. Осындай бір ілкімді іс өткен жылы басталған Жезқазғандағы «Металлургтер алаңын» жаңғырту болатын. Бұл жұмыстар биыл мамырдың соңында аяқталады.

Мұның сыртында 2 саябақ пен 3 скверді, Кеңгір су қоймасының жағалауын абаттандыру жұмыстары да меморандум негізінде жүргізіледі. Кеңгірді жаңғырту жобасы 2024 – 2026 жылдарды қамтиды.

Орайы келгенде айта кетейік, аймақты абаттандырылатын 10 жобаның ішінде 73 көппәтерлі тұрғын үйдің қасбетін күрделі жөндеу, 32 тұрғын үйдің шатырын күрделі жөндеуден өткізу, 71 балалар ойын алаңын, 31 спорт алаңын, 26 жаттығу кешенін орнату көзделген.

Сондай-ақ Жезқазғанда мердігер ұйым жосықсыздығы салдарынан былтыр жүзеге асырылмаған 19 ойын алаңын орнату жұмыстары аяқталмақ.

Ізтай БЕЛГІБАЙҰЛЫ.

Бөлісу38Твитерге24

Көп қаралған

  • «Eco Life: Таза Қазақстан – жастар таңдауы»

    «Eco Life: Таза Қазақстан – жастар таңдауы»

    67 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • Жеңіс туын желбіретті

    92 бөлісті
    Бөлісу 37 Твитерге 23
  • 🌊 БЕЗОПАСНОСТЬ НА ВОДЕ — ОТВЕТСТВЕННОСТЬ КАЖДОГО

    66 бөлісті
    Бөлісу 26 Твитерге 17
  • Ұлытаудан шыққан рухани шипагер

    185 бөлісті
    Бөлісу 74 Твитерге 46
  • 🌊 СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК — ӘРКІМНІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

    66 бөлісті
    Бөлісу 26 Твитерге 17
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру