Сейсенбі, 11 Тамыз , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Мезгіл мәселесі

Жемшөп мәселесіне арналған семинар

14.06.2024
- Мезгіл мәселесі
0
Жемшөп мәселесіне арналған семинар
108
БӨЛІСТІ
299
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Жаңаарқа ауданындағы «Мирас» шаруа қожалығының базасында жемшөп өндірісін дамытудың жайы талқыланған семинар болып өтті. Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми-зерттеу институты, Алматы гидрогеология және Нұра-Сарысу облысаралық бассейндік-балық шаруашылығы инспекциясы өкілдері мен мамандары қатысқан бұл шарада облыстың 40-қа жуық шаруа қожалықтарының иелері басқосып, өзара тәжірибе алмасты.

Мұндай алқалы жиынның «Мирас» шаруа қожалығы аумағында өтуінің де өзіндік мәнісі бар. Төлеген Жаманов жетекшілік жасайтын бұл шаруа қожалығы мал азығы қорын жасау үшін 2019 жылдан бастап 155 гектарға еркек шөп, 100 гектарға арпа егуді қолға алған еді. Олар өткен жылы «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ қаржылай қолдауымен барабанды үлгідегі жаңбырлатқыш қондырғы сатып алды. Несиеге алған бұл техниканың 50 пайыз құнын субсидия арқылы мемлекет қайтарып берді. Сөйтіп 16 гектар жерге италиялық жоңышқа егіп, оны жаңбырлатып суару арқылы жазғы маусымда екі рет өнімін жинап алды. Биыл суармалы жемшөп алқабының аумағын кеңейте түсуде. Шаруашылық негізінен асыл тұқымды герефорд ірі қара малын өсірумен айналысады. Әуелде шаруашылық құрып, іс бастағанда 60 бас герефорд тайыншасын сатып алған болатын. Содан бері талапқа сай қора-қопсысын салып, мал басын өсіре отырып маңайдағы ірі қара өсірушілерге асыл тұқымды бұқаларын сатумен айналысуда. Қазірде аналық сиырлары 100 басқа жетті.

Жалпы аймақтағы шаруа қожалықтары жемшөп қорының тапшылығынан туындаған қиындықтарды биылғы қыс барысында ерекше сезініп, жылқы түлігін жұтатып алғаны белгілі. Өңірлерде мал азығын дайындайтын шабындық алқаптарының жетіспеуінен облыс шаруашылықтары жемшөп қорының 30 пайызын Түркістан, Қызылорда сияқты сырт жерлерден сатып алуға мәжбүр. Семинардың жұмысына қатысқан облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлы да өз сөзінде осы жағдайды алға тарта келіп, шаруалардың жемшөптің берік қорын жасауы үшін суармалы алқапты жолға қоюдың маңызына тоқталды. Ең кемі 400 гектар суармалы алқапта шөп өсірсе мемлекет 2,5% көлемінде жеңілдікпен несие береді. Сондай-ақ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ мен «Ұлытау» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы өкілдері ауыл шаруашылығы бағдарламаларын жүзеге асыру барысындағы мемлекеттік қолдау шаралары мен несие алу тәртібін жиналғандарға жан-жақты түсіндірді. Семинарға арнайы келген мамандар суармалы алқаптарды дамыта отырып, жемшөп дайындаудың озық технологияларын енгізу мәселесін кеңінен ортаға салып, тиісті ұсыныстарын берді.

Амандық РАХҰЛЫ.

 

Бөлісу43Твитерге27

Көп қаралған

  • Қазақстан цифрландырудың жаңа деңгейіне қадам басуда

    Қазақстан цифрландырудың жаңа деңгейіне қадам басуда

    69 бөлісті
    Бөлісу 28 Твитерге 17
  • ЕСЕТ БАЙКЕН ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ МЕН АУЫЛДЫҚ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІҢ ЖАЙ-КҮЙІН БАҚЫЛАДЫ

    70 бөлісті
    Бөлісу 28 Твитерге 18
  • День Абая

    67 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • 🧹 ҚОҚЫС СІЗДІКІ БОЛМАСА ДА, ТАЗАЛЫҚ — СІЗДІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІҢІЗ!

    69 бөлісті
    Бөлісу 28 Твитерге 17
  • 🧹 МУСОР МОЖЕТ БЫТЬ НЕ ВАШИМ, НО ЧИСТОТА — ВАША ОТВЕТСТВЕННОСТЬ!

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру