Ұлытау облысында аутизмге шалдыққан балаларды оңалту орталығы пайдаланылуға берілмек.
Жезқазғандағы психологиялық-медициналық-педогогикалық кеңес жанына құрылған орталық 120 балаға лайықталған. Осыған дейін облыста мұндай орталық болған жоқ. Осыған дейін де ата-аналар арнайы орталықтың құрылуын тілге тиек етіп жүретін. Оңалту орталығының ғимаратына қазір жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Маусым айында есігін ашпақ.
Бала тәрбиесімен айналысып отырған мамандардың айтуынша, облыста аутизмге шалдыққан балалардың саны соңғы уақытта күрт өскен. Орталық қажетті құралдармен және балалардың диагнозына байланысты жеке жұмыс істейтін 17 түрлі маманмен қамтылады. Мемлекет басшысы Бурабайда өткен IV Ұлттық Құрылтайда балалардың құқықтарын қорғау, сапалы білім беруге аса мән беру керектігін баса айтқан еді. Әсіресе, ерекше жағдайды қажет ететін балаларға мемлекет тарапынан қолдау болу керек деген болатын.
Өз тілшіміз.