Сенбі, 15 Тамыз , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Әлеумет

Кірпіш зауыты іске қосылды

15.09.2023
- Әлеумет
0
Кірпіш зауыты іске қосылды
133
БӨЛІСТІ
369
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Өткен аптада Талап ауылында кірпіш шығаратын зауыт іске қосылды. Өндіріс орнының ашылуына өңір басшысы Берік Әбдіғалиұлы арнайы барып қатысты.

Зауыт жылына 20 млн. кірпіш өндіруге қауқарлы. Биылдың өзінде жыл аяғына дейін 5 млн. өнім шығару көзделіп отыр.

Өндіріс ошағының ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде өңір басшысы игі бастама жаңа облыстағы инфраструктураның дамуына жол ашатынын жеткізді.

– 60-тан астам жаңа жұмыс орны ашылып, ұлытаулықтар тұрақты жұмыспен қамтылатын болады. Онымен қоса, Ұлытау облысының құрылыс-монтаждау объектілері, құрылыс базалары өз өнімімізді қолданады. Бұл – барлығымыз үшін де игі бастама деп білемін, – деді Берік Әбдіғалиұлы өз сөзінде.

Жеке кәсіпкер Телібай Бекмұратовтың айтуынша, кірпіштің сапасы жақсы. Жаңа зауытта беріктігі М125-М200 бойынша жоғары маркалы тас шығару жоспарлануда.

Талап ауылына жасаған жұмыс сапары барысында Берік Әбдіғалиұлы ауылда атқарылып жатқан жұмыстардың да барысымен танысып, мердігерлерге нақтылы тапсырмалар берді.

Сондай-ақ, өңір басшысы Талап ауылындағы № 14 ЖББ мектебіне барып, білім ордасының жай-күйімен танысты.

Ізтай БЕЛГІБАЙҰЛЫ.

Бөлісу53Твитерге33

Көп қаралған

  • Жеңіс туын желбіретті

    Жеңіс туын желбіретті

    92 бөлісті
    Бөлісу 37 Твитерге 23
  • «Eco Life: Таза Қазақстан – жастар таңдауы»

    67 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • 🌊 БЕЗОПАСНОСТЬ НА ВОДЕ — ОТВЕТСТВЕННОСТЬ КАЖДОГО

    66 бөлісті
    Бөлісу 26 Твитерге 17
  • Ұлытаудан шыққан рухани шипагер

    185 бөлісті
    Бөлісу 74 Твитерге 46
  • 🌊 СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК — ӘРКІМНІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

    66 бөлісті
    Бөлісу 26 Твитерге 17
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру