Сәрсенбі, 15 Шілде , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Жаңалықтар

Нысандарда болды, тапсырма берді

11.07.2025
- Жаңалықтар
0
Нысандарда болды, тапсырма берді
73
БӨЛІСТІ
202
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков Жезқазған қаласының батыс ауданында жүзеге асырылып жатқан маңызды жобалардың барысын бақылап, тиісті тапсырмалар берді.

Аймақ басшысы ең алдымен ескек есу спорт түрі бойынша жаттығу жасайтын спортшыларға арналған жаңа спорт кешенінің құрылысымен танысты. Құрылыс жұмыстары кестеге сай жүргізіліп жатқанымен, әкім нысан сапасына ерекше назар аударуды тапсырды.

«Жезқазған – спорттық әлеуеті жоғары қала. Біз талантты жастарға жағдай жасап, олардың халықаралық деңгейде жетістікке жетуіне мүмкіндік беруіміз керек. Бұл кешен – болашақ чемпиондардың ұясы болуға тиіс», – деді Дастан Рыспеков.

Келесі нысан – бірнеше көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы. Бұл жобалар өңірдегі баспана мәселесін шешуге бағытталған. Әкім құрылыс қарқынын арттыруды және құрылыс сапасын үнемі бақылауда ұстауды міндеттеді. Сонымен қатар, пәтерлер алдымен кезекте тұрған әлеуметтік осал топтарға берілуі тиіс екенін ескертті.

Сапар барысында облыс басшысы батыс ауданында жүргізіліп жатқан инженерлік-коммуналдық инфрақұрылым тарту жұмыстарының барысымен де танысты. Атап айтқанда, су, кәріз, электр және жылу желілерінің жүргізілу сапасы мен мерзімі талқыланды.

«Батыс аудан – Жезқазғанның болашағы зор бөлігі. Мұнда тек үй салып қою жеткіліксіз. Біз толыққанды өмір сүруге қажет барлық инфрақұрылымды қатар дамытуымыз қажет. Бұл – кешенді әрі жүйелі жұмысты талап етеді. Бұл аумақта жуық арада Конгресс холл, 250 орындық емхана және оқушылар сарайы, мұз сарайы мен заманауи мектептің құрылысы басталады», – деді өңір басшысы.

Кездесу қорытындысы бойынша өңір басшысы барлық құрылыс нысандарына техникалық және авторлық қадағалауды күшейтуді, мердігер компанияларға құрылыс мерзімін сақтауды, инфрақұрылым тарту жұмыстары барысында тұрғындарға қолайсыздық туғызбауды, әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлердің сапасын бірінші кезекке қоюды тапсырды.

Ұлытау облысы әкімдігінің
баспасөз қызметі.

Бөлісу29Твитерге18

Көп қаралған

  • Бозкілемдегі бәсеке: «Қазақмыс барысы» кім?

    Бозкілемдегі бәсеке: «Қазақмыс барысы» кім?

    69 бөлісті
    Бөлісу 28 Твитерге 17
  • «Қазақмыс ұлттық ойындары – 2026»

    67 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • Жала жабу дегеніміз не?

    157 бөлісті
    Бөлісу 63 Твитерге 39
  • Кеңгірбай бидің батасы

    647 бөлісті
    Бөлісу 259 Твитерге 162
  • «Жошы ұлысы » һәм «Алтын орда»

    620 бөлісті
    Бөлісу 248 Твитерге 155
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру