Жезқазған қаласында «КәсіпҚорған» кәсіподағының қызметкерлері үшін екі күндік тренинг өтті. Әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу бойынша біліктілікті арттыруды көздеген оқу бағдарламасы екі бөлімде өтті.
«Шиеленістерді оңтайлы шешу» бөлімі бойынша өндірістік психология бағыты бойынша сарапшы Ерлан Мұстафин ұжымдарда туындағын даулы мәселелерді оңтайлы шешудің жолдары бойынша дәріс оқыды. Бұл бөлімде кәсіподақ қызметкерлері өздеріне тиімді тұстарды ерекше зерделеді. Әлеуметтік тұрақтылық пен еңбек қатынастарын реттеу бойынша сарапшының дәрісі пайдалы болды. «Парасат» медиациялық және құқық орталығының жетекшісі, доцент Гүлмайдан Оразбаева «Кәсіподақ көшбасшысының медиативті қадамдары» бөлімінде қызметкерлер медиация жүйесінің кез-келген мәселеде рөлі зор екенін айтты. Екі күндік тренингті жүргізіп, сапалы білім берген қос маманға «КәсіпҚорған» кәсіподағының төрағасы Уәлихан Нұржанов алғысын білдірді.
Жанар Салықова,
«КәсіпҚорған» кәсіподағы Жезқазған филиалының аппарат жетекшісі.