Жексенбі, 15 Қараша , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Шарайна

Жұмысшыларға қамқорлық көрсетті

21.02.2025
- Шарайна
0
Жұмысшыларға қамқорлық көрсетті
89
БӨЛІСТІ
248
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Жұмысшы мамандықтар жылына орай қарапайым еңбек адамдарына деген құрметті арттырып, оларға ілтипат білдіру шаралары жалғасын табуда. Бұл жолғы акцияны облыс орталығында – «Respublika» партиясы қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.

«Жаңа Адамдар – жаңа қадамдар» ұранымен құрылған «Respublika» партиясы аз ғана уақытта қоғамдық саяси өмірге етене араласып, ілкімді іс шаралардың бел ортасынан табылуда. Партияның жұмысшы мамандарға арналған акциясына қаламыздағы «Кеңгір» шипажайы қолдау білдіріп, демеушілік көрсеткен.

– Күннің ыстық-суығында еңбек етіп жүрген адамдарға осындай дәмді тағамдарымызды пісіріп жатырмыз. Қолымыздан келгенше осындай бастамаларға қолдау көрсетеміз. Бауырсақ, бәліштер пісіріп жатырмыз, – дейді «Кеңгір» шипажайының бас аспазы Қалдыгүл Ермекова.

Иә, жезқазғандық коммуналдық сала қызметкерлерінің бүгінгі жұмыс күні өзгеше басталды. «Республикалықтар» бұл күні 30-ға жуық жұмысшыға ыстық шай мен бауырсақ және дәмді бәліштер ұсынды.

– Біздің осынау акциямызға өзге партия өкілдері де атсалысса дейміз. Себебі, жылдың төрт мезгілінде тынымсыз тірлік жасайтын жол тазалаушылардың еңбегі ескеруге тұрарлық! Оның үстіне қазір сапалы жұмысшы мамандарға деген сұраныс өте жоғары, – дейді «Respublika» партиясының мүшесі Ирина Морозова.

Партия белсенділері аталған бағыттағы шараларды өңірге қарасты өзге де елді мекендерде ұйымдастырмақ ниетте. Мұндағы негізгі мақсат: еңбек адамдары мен олардың жасаған жұмысына қоғамның назарын аудару!

Гүлім МАРАТҚЫЗЫ.

 

Бөлісу36Твитерге22

Көп қаралған

  • Меморандумға қол қойды

    Меморандумға қол қойды

    97 бөлісті
    Бөлісу 39 Твитерге 24
  • Ұлытау облысында полиция тұрғыннан синтетикалық есірткі тәркіледі

    78 бөлісті
    Бөлісу 31 Твитерге 20
  • Жезқазғандықтардың үні үкіметке жетті

    101 бөлісті
    Бөлісу 40 Твитерге 25
  • Өрлеу жылына айналады

    125 бөлісті
    Бөлісу 50 Твитерге 31
  • Облысқа қолдау – қомақты

    91 бөлісті
    Бөлісу 36 Твитерге 23
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру