Сенбі, 21 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Мұқаба

Жезқазғандықтардың үні үкіметке жетті

22.04.2022
- Мұқаба
0
Жезқазғандықтардың үні үкіметке жетті
88
БӨЛІСТІ
244
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

 

Газетіміздің өткен нөмірінде «Аймақ проблемасына сенатор үн қосты» деген мақала жарияланып, онда тіршілік көзі суға қатысты Жезқазған өңірінің проблемасы Парламент палатасының отырысында көтеріліп, Үкіметке депутаттық сауал жолданғаны жайлы хабардар еткен едік. Қанаттас қос қаланың шаруашылық-ауызсу қажеттілігін өтеп отырған Кеңгір су қоймасының Су кодексі талабына сай мемлекет меншігінде болмауынан оған тиісті күтім жасалмайтындығы және ауылшаруашылығы үшін маңызды орны бар Жезді қоймасының түрлі қалдықтарменластанып иесіздікке ұшырағаны туралы Парламент мінберінен қынжыла баяндаған Сенат депутаты Рысқали Әбдікеров сонымен қатар, қала тұрғындарын сапалы жерасты суымен қамтамасыз ету мәселесінің де талай жылдар бойы шешілмей келе  жатқандығын ортаға салған болатын.  Депутаттық сауалға Үкіметтен жауап келіпті. Аймақ мәселесіне қатысты Үкімет басшысының айтқандарын төменде айна қатесіз сол қалпында жариялап отырмыз.

Қазақстан Республикасы Парламенті
Сенатының депутаттары
Р. Әбдікеровке, С. Ершовқа

Құрметті депутаттар!

Сондай-ақ оқыңыз

Жылу желілерін жаңғыртуға Үкімет қаржы бөлді

Жылу желілерін жаңғыртуға Үкімет қаржы бөлді

10.01.2025
10 мың балаға қуаныш сыйлады

10 мың балаға қуаныш сыйлады

27.12.2024

Сіздердің Жезқазған қаласының тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесіне қатысты сауалдарыңызды қарап, мынаны хабарлаймын. Жезқазған қаласының тұрғындары бір мезгілде екі көзден – Кеңгір су қоймасынан және Үйтас-Айдос жерасты су қоймасынан ауыз сумен қамтамасыз етіледі.

2019 жылдан бастап судың аздығына және өңірінің қуаңдығына байланысты Кеңгір су қоймасының көлемі жобалық деңгейге жетпей отыр. Су қоймасы республикалық меншікке берілген жағдайда тұтынушылардан су тарту үшін кіріс – 46,5 млн теңге, ал жыл сайынғы пайдалану шығындары 200 млн теңгеден астам болады. Су қоймасының су торабын реконструкциялауды және тостағанын 30 млн м3 көлемінде тұнбадан тазартуды ірілендірілген есептеулер бойынша шамамен 18,5 млрд теңгені қажет етеді. Осы жағдайларды ескере отырып, Кеңгір су қоймасын республикалық меншікке беру орынсыз болып табылады. Сонымен бірге Жезқазған қаласының тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін Үйтас-Айдос суағарын реконструкциялау және Қожамсейіт жерасты сулары кен орнында суағар салу жоспарлануда.

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 20 қазандағы Қарағанды облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңесте берген тапсырмасын орындау шеңберінде 4 жоба бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде:

– жұмыс істеп тұрған ұңғымаларды реконструкциялау, жұмыс істемейтін ұңғымаларды және Айдос кен орнының жинақтаушы коллекторларын қайта бұрғылау;

– жұмыс істеп тұрған ұңғымаларды реконструкциялау, жұмыс істемейтін ұңғымаларды және Үйтас кен орнының құрама коллекторларын қайта бұрғылау;

– Қожамсейіт кен орнының су жинақтағышын салу.

Аталған жобалар бойынша мемлекеттік сараптамалардың оң қорытындыларын алғаннан кейін оларды іске асыруды бастау үшін қаржы қаражатын бөлу бойынша жұмыс жүргізілетін болады.

Қожамсейіт су көзі орнын ескере отырып, Үйтас-Айдос су тартқышын реконструкциялау жөніндегі жобаны іске асыру 2022-2024 жылдары жоспарланып отыр. Бүгінгі күні Үйтас-Айдос су тартқышының мүлкі коммуналдық меншіктен республикалық меншікке берілді.

Үйтас-Айдос су тартқышының мүлкін республикалық меншікке қабылдаудың экономикалық орындылығы су тартқышты республикалық бюджет қаражаты есебінен реконструкциялағаннан кейін Үйтас-Айдос жерасты сулары кен орнынан ауыз судың түсу көлемі 30%-дан 70%-ға дейін артуымен байланысты. Соның нәтижесінде Жезқазған қаласының тұрғындарына берілетін ауыз судың сапасы едәуір жақсарады.

Жезді су қоймасына қатысты ағымдағы жылы зерттеу жұмыстарын жүргізу жоспарланғанын хабарлаймын. Оның нәтижелері бойынша Жезді су қоймасын Талап суару жүйесінің магистральдық каналымен реконструкциялауды жүргізу мәселесі бойынша шешім қабылданатын болады.

Бұдан басқа ағымдағы жылы «Қарағанды облысының Жезқазған қаласын сумен жабдықтауды ескере отырып, Эскула су тартқышын салу (2-түзету)» жобасының үшінші кезеңін аяқтау жоспарлануда. Бұл Жезді, Сәтбаев қалаларын және Жезқазған қаласының бір бөлігін ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жалпы Жезқазған қаласының тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін шешу Үкіметтің тұрақты бақылауында.

Ә. СМАЙЫЛОВ,
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі.

Сонымен, бүгінгі таңда «Қазақмыстың» еншілес серіктестігінің еншісіне айналған Кеңгір су қоймасын мемлекет иелігіне алу мәселесі әзір шешілмейтін болды. Енді су қоймасын пайдаланып отырған «Қазақмыс Дистрибьюшн» ЖШС-іне қала тіршілігін қамтамасыз етіп отырған стратегиялық нысан мен оның гидротехникалық құрылымдарына дұрыс күтім жасап, су жағалауын таза ұстау жөнінде тиісті талап қойылуын қарастыру керек. Қаланы сапалы ауызсумен қамтамасыз етудің негізгі көзі Үйтас-Айдос жерасты су көзін құбырларымен қоса қайта жаңғырту жұмыстарына қаржы бөлу де алдағы күндердің еншісіне қалып отыр. Оны тиянақтылықпен шешіп, Президент назарындағы бұл жобаны іске асыру алдағы құрылатын Ұлытау облысы басшылығының басты мәселесі болар деп ойлаймыз. Жезді қоймасы мен Талап суару жүйесі каналын қайта жаңарту жөніндегі Үкімет басшысының уәдесі де сөз күйінде қалмаса екен дейміз.

Өз тілшіміз.

 

Бөлісу35Твитерге22
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Шолпан шапағы

Шолпан шапағы

13.06.2025
«Комсомол»  колхозы

«Комсомол» колхозы

28.03.2025
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
Ұлытау төрінде «Көкмайса-2025» фестивалі өтті

Ұлытау төрінде «Көкмайса-2025» фестивалі өтті

20.06.2025
«Қазақмыс» Бағдар: Еңбек қауіпсіздігі мәселелері талқыланды

«Қазақмыс» Бағдар: Еңбек қауіпсіздігі мәселелері талқыланды

20.06.2025
Әлемдегі тау-кен мектебі облыста филиалын ашады

Әлемдегі тау-кен мектебі облыста филиалын ашады

20.06.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру