Сейсенбі, 15 Шілде , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Әлеумет

Еңбек Ерінен – 50 кітап

03.06.2024
- Әлеумет
0
Еңбек Ерінен – 50 кітап
90
БӨЛІСТІ
250
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Заман алға озып, қарыштап өскен технологияларды адамзат игеріп жатқан тұста көп құндылығымыз құмға сіңген судай жоғалып барады. Ұлттық идеологияны жаңа ғасырмен үндестіре жүзеге асыру біздің қоғам үшін қазір ауадай қажет.

Өмір сүріп жатқан ортамыздан алшақтап бара жатқан дүние ол – кітап оқу. Бүгінде кітапханалар мен кітап сататын арнайы дүкендерде кітаптың түр-түрі бар. Кеңестік дәуір тұсында бір ауылдың балалары бір кітапты айналдыра оқып шығатын. Қазір ондай зәрулік жоқ. Тек адамның кітап оқуға деген қызығушылығы төмендеп кеткені жасырын емес. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Атырауда өткен үшінші Ұлттық құрылтайда Қазақстанды кітап оқитын елге айналдыру бастамасын көтерді. «Ақпараттық технолигиялардың пайдалы жағын ғана алып, зияны жағынан сақ болуымыз керек. Балалар түгілі ата-аналар да, әлеуметтік желідегі мағынасыз контентке тым әуес. Біз, ең алдымен, жастарды кітап оқуға баулуымыз керек. Сонда, жаппай кітап оқитын ұлтқа айналамыз. Тәуелсіздік кезеңінде елімізде кітапхана ісі кенжелеп қалды. Тоқсаныншы жылдардағы аласапыран уақытта мыңдаған кітапхана жабылды. Миллиондаған кітап қорынан айырылдық. Соңғы жылдары жағдайды түзеу үшін әрекет жасалып жатыр. Кітапхана – мемлекеттің, ұлттың негізгі жады» – деді Президент.

Ел халқының кітапқа деген қызығушылығын ояту мақсатында республика көлемінде тың бастамалар қолға алынып, жүзеге асырылуда. «Кітап al» кітап дүкендер жүйесі ауылдар мен кенттерге «Ауылға – кітап» жобасын қалыптастырды. Ұлытау облысы бойынша таяуда «Кітап al» кітап дүкенін ашқан Мағжан Қаражігітов жергілікті азаматтардың қолдауымен облыстағы аудандар мен кенттердегі, ауылдардағы мектептердің кітапханасына кітап сыйлау жобасын дамытуда. Жас кәсіпкердің бұл бастамасына кенші-бригадир, «Қазақстанның Еңбек Ері», «Тәуелсіз Қазақстанның халық батырлары» республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшесі, Сәтбаев қаласының Құрметті азаматы Тұрсынбек Мақышев қолдау білдірді. Тұрсынбек Шамбылұлы түсті металлургияның бастау бұлағы болған, өндірістің қарашаңырағы Қарсақбай кентіндегі Жамбыл Жабаев атындағы № 15 орта мектептің кітапханасына 50 дана кітап сыйға тартты. Жас ұрпақты кітап оқуға дағдыландыру, ұлттық құндылықтарды бойларына сіңіруді мақсат еткен «Ауылға – кітап» жобасы шеңберінде кенттегі білім ошағының кітап қоры толықты. 50 дана кітап әртүрлі жанрларды қамтиды. Еліміздің және шетелдік жазушылардың қаламынан туындаған көркем шығармалардың мән-маңызын «Кітап al» кітап дүкенінің иесі, кәсіпкер Мағжан Қаражігітов кеңінен баяндап берді. Қазақстанның Еңбек Ері Тұрсынбек Мақышев бұл жобаға қолдау білдіруінің және қасиетті қарашаңырақтан бастауының себебін былайша түсіндірді.

– Біз озық ойлы, дамыған мемлекеттердің қатарынан көрінуді алға қоямыз десек, ең әуелі білім мен ғылыммен ерекшеленуге талпыныс жасауымыз керек. Ол үшін қоғамда кітапқа деген азаматтардың қызығушылығын оятуға баса мән бергеніміз жөн. Аймағымызда кітап дүкенін қалыптастырған Мағжан бауырымыздың бұл тұрғыдағы бастамаларын қолдауым керек деген ұйғарымға келдім. Бірте-бірте кенжелеп бара жатқан кітап оқу қабілетін қалыптастыру осындай шаралардан бастау алады. Менің «Ауылға – кітап» жобасы аясында Қарсақбай кентіндегі білім ошағына кітап тарту етуімінің өзіндік себебі де бар.

Сондай-ақ оқыңыз

Бу-га  құрылғысы салынады

Бу-га құрылғысы салынады

14.03.2025
Ұлытау облысында – жаңа әкім

Ұлытау облысында – жаңа әкім

11.10.2024

Қарсақбай – ең әуелі өндірістің отаны, өткен тарихымыздың «тірі» көрінісі. Ата-анамыздың кіндік қаны тамып, қанаттанған жері. Өзім кенші болғандықтан өндірісті мекеннің жас буынын кітап сыйлау арқылы қуантсам деген ой болды. Ендігі мақсат – осы сыйға берілген кітаптар сөрелерде тұрып қалмай, қолдан-қолға өтіп, оқылатын құнды дүниеге айналуында. Ол тетікті қалыптастыратын, балаларға кітаптың маңыздылығын ұғындыратын – аға буын. Соның ішінде, ата-ана, мұғалім және кітапханашы. Жастайынан баланы кітапқұмар етіп тәрбиелеу қоғамдағы өзекті мәселеге айналмауы үшін әрқайсымыз атсалысуымыз керек, – деді ол.

Еңбегімен ел құрметіне кенелген Тұрсынбек Мақышев сынды азаматтар жас буынды кітап оқуға үндеп, қолдау білдіріп жатса, өркендеуіміздің бір көрінісі деп білген жөн болар. Еңбек ерінен сыйға берілген 50 дана кітап қарсақбайлық балалардың ой-өрісіні дамытуға ықпал етеді деп сенейік.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

 

Бөлісу36Твитерге23
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Дулығалы мешіті

Дулығалы мешіті

27.01.2023
Шолпан шапағы

Шолпан шапағы

13.06.2025
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
Нысандарда болды, тапсырма берді

Нысандарда болды, тапсырма берді

11.07.2025
Құдайберген Арымбек, энергетика вице-министрі: «Тауарлық газ бағасы халыққа тиімді болуы керек»

Құдайберген Арымбек, энергетика вице-министрі: «Тауарлық газ бағасы халыққа тиімді болуы керек»

11.07.2025
Автопарк жаңарып жатыр

Автопарк жаңарып жатыр

11.07.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру