Балқашта алғаш рет «Қазақмыс Холдинг» ЖШС құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері арасында шағын футболдан чемпиондар лигасының финалдық ойыны өтті.
Ойынға «Қазақмыс» корпорациясы еңбеккерлерінің «Jastar Bolashaq» Жастародағы ұйытқы болды. «Металлург» спорт кешені алаңында балқаштықтар Жезқазған, Қарағанды және Сәтбаев командаларының ойыншыларын қабылдады.
«Балқаштүстімет» тау-кен кәсіпорнының құрама командасы бірінші орынға ие болып, лиганың чемпионы атанды. Екінші орын Жезқазған жылу-электр орталығының энергетиктеріне берілді. Үшінші орынды Қарағайлы кен байыту фабрикасы (Қарағанды) және Шығыс-Жезқазған кеніші (Сәтбаев) командалары өзара бөлісті.
– Бұліс-шараның негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңызды факторы ретінде дене шынықтыру мен спортты насихаттау және «Қазақмыстың» еңбеккерлері арасында спорттық бағыттарды танымал ету, – деп атап өтті Чемпиондар лигасының ұйымдастырушылары.
Шағын футбол барысында ерекше көзге түскен Ерасыл Сәдуақасов «Үздік ойыншы» атағына ие болса, «Үздік шабуылшы» номинациясы Нұрхат Туманшинге бұйырды .Чемпиондар лигасының үздік қақпашысы ретінде ЕрұланЕралы танылды. Георгий Парфенов үздік қорғаушы номинациясын иеленді.
Бағдат АЙТӨРЕҰЛЫ.