«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС еңбеккерлерінің «Jastar Bolashaq» Жастар одағы өндірісте еңбек етіп жүрген жастардың шығармашылық қабілетін, спортқа деген бейімін шыңдау тұрғысында түрлі жарыстар ұйымдастырып келеді.
Соның қатарында жақында «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС-нің Жезқазған мыс қорыту зауыты еңбеккерлерінің арасында өткен «Белка» карта ойыны бар.
Тартысқа толы турнирға қатысушылар қатары қалың болды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, зауыт еңбеккерлері «Белка» ойынында белсенділік байқатып, жеңіс тұғырынан көрінуге ұмтылды. Ойын нәтижесінде бірінші орынды мысты электролиздеу цехының намысын қорғаған Марғұлан Манасбаев пен Асылжан Т.сіпжан бірінші орынды жеңіп алды. Ал, екінші орынның жүлдесі Марат Мейрамовтың еншісіне бұйырды. Үшінші орынды Шәуәрім Әбиүр мен Мейрамбек Сатыбалдин теңдей бөлісті.
– Еңбекші жастардың жұмыстан бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында қолға алынған бұл бастама ұжым арасында қолдау тапты. Турнирді дәстүрлі түрде ұйымдастыруды көздеп отырмыз. Жеңімпаздарға тағайындалған ақшалай сыйақылар өз иелерін тапты. Жастар одағының мұндай шаралар легі өндіріс ошағында қарқын ала береді, – дейді зауыттағы Жастар одағының жетекшісі Дархан Желібаев.
Бағдат АЙТӨРЕҰЛЫ.