Жексенбі, 18 Қаңтар , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Шарайна

Адам құқықтары жөніндегі сараптама кеңесінің отырысы өтті

28.02.2025
- Шарайна
0
Адам құқықтары жөніндегі сараптама кеңесінің отырысы өтті
82
БӨЛІСТІ
228
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Жезқазғанда Ұлытау облысы бойынша Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі өкілдігінің сараптама кеңесінің отырысы өтті. Кеңестің негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қадағалап, кез-келген адам құқықтарының бұзылу мәселелерін шешуге көмектесу.

Күн тәртібіне екі мәселе шығарылды. Алғашқысы – қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарға қолдау көрсететін дағдарыс орталығының жұмысы туралы. Жезқазған мен Сәтбаев қаласында дағдарыс орталықтары жұмыс істеп тұр. Алайда, олардың қазіргі жай-күйі қандай? Пана іздеп барған аналарға онда жағдай жасалынған ба? Кеңесте осы мәселе басты назарға алынды. Айта кету керек, кеңес мүшелері, дағдарыс орталығына барып, жағдайларын бағамдаған.

– Орталыққа біз жоспар аясында бардық. Көрдік жағдайын. Жезқазған қаласындағы сын көтермейді.  Осы жұмысты біз көтереміз. Ақша талапқа сай бөлінген. Бірақ жағдайы төмен, – деді ҚР Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Ұлытау облысы бойынша өкілі Аманжол Каримов.

Өңір үшін өзекті мәселенің тағы бірі – облыстың экологиялық жағдайы, халықты таза ауызсумен қамту және тұрмыстық газбен қамтамасыз ету. Бұл мәселелер де сарапатама кеңесінің мүшелерінің талқысына түсті. Әр бағыт бойынша ұсыныстар мен бастамалар айтылды.

ҚР адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Ұлытау облысы бойынша өкілі Аманжол Каримов бұл аталған проблемаларды шешу үшін тиісті министрліктерге Ұлттық орталық арқылы мәселе көтеріп шығатынын жеткізді.

Отырыс қорытындысы бойынша нақты ұсыныстар мен ұсынымдар әзірленіп, тиісті мемлекеттік органдарға жолданатын болды. Сараптама кеңесінің мүшелері өңірдегі жағдайды одан әрі бақылап, әлеуметтік және құқықтық мәселелердің тиімді шешілуіне алда да күш салатын болады.

Гүлім МАРАТҚЫЗЫ.

 

Бөлісу33Твитерге21
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
«Жезқазған» қонақүйінде туған ән

«Жезқазған» қонақүйінде туған ән

19.04.2024
Табыс тасқындаған жыл

Табыс тасқындаған жыл

26.12.2025
Полицияның бір күні

Полицияның бір күні

16.01.2026
Мемлекеттік кеңесші. Жаңа Парламенттің негізгі мемлекеттік институттардың қызметін қамтамасыз етудегі өкілеттіктері талқыланды

Мемлекеттік кеңесші. Жаңа Парламенттің негізгі мемлекеттік институттардың қызметін қамтамасыз етудегі өкілеттіктері талқыланды

16.01.2026
Қауіпсіздік қалқанына айналғандар

Қауіпсіздік қалқанына айналғандар

16.01.2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру