Сейсенбі, 15 Қыркүйек , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Еңбек адамы

Адалдығына тәнтіміз

23.06.2023
- Еңбек адамы
0
Адалдығына тәнтіміз
104
БӨЛІСТІ
290
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

«Үлкенге құрмет, кішіге ізетті болыңдар» деп ата-анамыз бәрімізге үнемі ақылын айтып отырады ғой. Оны ұғынып, сана-сезімінен өткізіп, қоғамда жақсылық жасауға ата-ана ақылын ісімен дәлелдеп жүрген жандар баршылық. 

Мен жұмыс бабымен Жезқазған қаласының  қалаішілік тасымалында қатынайтын №1 автобусымен Комбинатский елді-мекеніне, арат-тұра «Жезқазған медициналық орталығы» ЖШС-не қатынаймын. «Транко Экспресс» ЖШС 4-колоннаның жүргізушісі Нұржан Шалдыбаевтың жолаушыларға деген құрметі ерекше. Таңнан кеш қарайған шаққа дейін мейірімді жүзімен әрбір жолаушыға жылы қабақ танытатын Нұржан нағыз қайырымды жан десе де болады.

Өзім оның жолаушыларға деген жақсылығын, қамқорлығын көзбен көріп, іштей тәнті болып жүрмін.  Аялдамаға тоқтап, өз бағытымен жүретін жолаушыларды асықпай күтіп тұрады. Үлкен демей, кіші демей жүгі ауыр болса көтерісіп жібереді. Әрбір аялдаманы еріншектікке салынбай микрофон арқылы хабарлап отыруының өзі Нұржанның кәсібіне деген адалдығын білдіреді. Кейде жолаушыларды өз бауырларындай көріп, әңгімеге тартып, үлкен кісілердің хал-жағдайын сұрап, саулығын тілеп отырады.

Оқушы балаларға өз әкелеріндей ақылын айтып жататын кездерін де көзім көрді. Сондықтан Нұржан Шалдыбаевтың адалдығына, қамқорлығына көп жолаушы тәнті. Солардың қатарында апам Марал мен сіңілім Кенжегүл де бар. Олар да осы бағытта жүрген сайын Нұржанның ақ пейіл көңіліне ризашылықтарын айтып келеді.

Елдің батасын алып, алғысына кенелген Нұржан Шалдыбаевтың жұртқа деген жақсылығы, кәсібіне деген адалдығы кейінгі жастарға тұнып тұрған өнеге десем артық айтқаным емес.

Лаура Жармағамбетова, Жезқазған байыту фабрикасының еңбеккері.

 

Бөлісу42Твитерге26

Көп қаралған

  • ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ КЕПІЛІ

    ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ КЕПІЛІ

    69 бөлісті
    Бөлісу 28 Твитерге 17
  • ТАЗА ҚАЗАҚСТАН АКЦИЯ

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • «Ұжымым – екінші отбасым»

    102 бөлісті
    Бөлісу 41 Твитерге 26
  • ЗАҢ МЕН ТӘРТІП: ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • #ЗАКОН И ПОРЯДОК — ОСНОВА СТАБИЛЬНОСТИ ОБЩЕСТВА

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру